13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: СУ БАСУ ЫҚТИМАЛ УЧАСКІЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

15 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: СУ БАСУ ЫҚТИМАЛ УЧАСКІЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының аумағында су басудың алдын алу жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте көктемгі су тасқыны кезеңінде жүйелі іс-шаралардың барысы, су басуды болдырмау жөнінде жұмыстарды толығымен баяндады.

Айтуынша, қазіргі уақытта шаһар аумағында су тасқыны кезеңінде жағдай тұрақты. Қала аумағында 10 гидротехникалық құрылыстың тоғызы жарамды, ал бір гидротехникалық құрылыс (Ақжар су қоймасы) жөндеуді қажет етеді. СОндай-ақ, авариялық және иесіз гидротехникалық құрылыс жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті гидротехникалық құрылыстар мен су тасқыны қаупі бар учаскелерінде аэровизуалды тексеру жұмысын да ұйымдастырған.

–Жалпы су қоймаларының толуы бүгінде 60-70 пайызды құрап отыр. Қазіргі уақытта тасқын суларды қабылдау үшін су қоймаларында қорлар да жеткілікті. Бадам, Сайрам-су, Қошқар — ата, Қара-су өзендердегі судың деңгейі ортадан төмен. Су тасқыны кезеңінде халықты дер кезінде хабардар ету, дауылды ескертулерді үнемі жариялап отырмыз. Казгидрометтің мәліметі бойынша наурыз айында жаңбыр нормадан көп күтіледі деген болжам бар. Бұл дегеніміз осы мезгілде су басу жағдайлары күрделенуі мүмкін. Жалпы департамент қызметкерлері жағдайды назарда ұстап отыр, — деді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Жәнібек Тұрлыбекұлы.

Айта кетсек, шаһар аумағындағы су басу қауіпті аймақтарға тікұшақ арқылы әуеден шолу жұмыстары және аудандық әкімдіктерімен бірлесіп қауіпті су басу ықтимал учаскілерге мониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде қалада ұзындығы 56 шақырым 12 канал қоқыстан тазаланған. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Су басу ықтимал учаскілерді бақылау назардан тыс қалмайды,- дейді жауапты мамандар.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУГЕ ӨТІНІШ ХКО-ДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: БАС ДӘРІГЕР БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІМЕН ЕСЕПТЕ ТҰРАТЫН НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі