13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУГЕ ӨТІНІШ ХКО-ДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

15 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУГЕ ӨТІНІШ ХКО-ДА ҚАБЫЛДАНАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат әр кезде де өзекті. Бұл қызметті рәсімдеу жолдарын «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері түсіндіріп берді.
Қазір Шымкент қаласында 87 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Зейнетақы, оның ішінде базалық және БЖЗҚ төлемдері мемлекеттік корпорацияға жүгінген күннен бастап тағайындалып, өтінішті және барлық қажетті құжаттарды тіркеу өтініш берілген күннен бастап саналады.

Зейнетақы төлемдерін тіркеу үшін келесі құжаттар қажет: жеке куәлік, өтініш берушінің жұмыс өтілін растайтын құжаттар. Кей жағдайда қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін: білімі туралы диплом, әскери билет, неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері, «қандас» мәртебесін растайтын құжат және тағы басқалары. Өтінішті электронды үкіметтің egov.kz онлайн-порталы арқылы да беруге болады. Ол үшін электронды цифрлы қолтаңба болу керек. Порталға тіркелген соң «Азаматтарға» арналған қызметтердің ішінен «Әлеуметтік қамсыздандыруды», оның ішінде «Мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау» қызметін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» дегенді басу керек. Өтінішті толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қоясыз. Порталдан өтініміңіздің статусын бақылап отыруға болады.

Шымкенттіктерге зейнетақыны рәсімдеу үшін зейнеткерлік жасқа толуына 10 күн қалғанда ХҚКО-ға хабарласуға кеңес береміз. 2023 жылдан бастап ер адамдар зейнеткерлікке 63 жаста, ал әйелдер 61 жастан бастап шыға алады.

2022 жылы 65 мыңнан астам шымкенттік жасына байланысты зейнетақы тағайындауға өтініш берді.
Айта кетсек,зейнетақы қорында үш түрлі шот ашуға болады. БЖЗҚ шоты туралы ақпаратты тек әр адамның өзі білгені дұрыс. Біріншісі – міндетті зейнетақы шоты. Ол автоматты түрде ашылады. Ең бірінші төлем жасалғанда, яғни жұмыс беруші жарнаны жіберген кезде құжаттарда көрсетілген деректемелер бойынша зейнетақы шоты ашылады, кейін міндетті жарна осы шотқа аударылып отырады.

Екіншісі – міндетті кәсіптік зейнетақы шоты. Бұл шот денсаулыққа зиян қызметтерді атқаратын азаматтар үшін ашылады. Мұндай мекемелерді Үкімет белгілейді. Азаматтар өзінің жұмыс берушісімен бірге зейнетақы қорына келіп, шот ашып, ақша жинай алады. Үшіншісі – ерікті зейнетақы шоты. Бұл шотты азаматтар цифрлы қолтаңбамен ашады. Онда қаражатты жұмыс беруші арқылы жинауға, туған-туыстары қосылып бірге ақша салып отыруына болады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДА ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫНА БІРҚАТАР ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: СУ БАСУ ЫҚТИМАЛ УЧАСКІЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі