13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДА ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫНА БІРҚАТАР ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ

15 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДА ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫНА БІРҚАТАР ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов қалада тұрғын үй құрылысының дамуы бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы шаhарда тұрғын үй құрылысының барысы, құрылыс сапасы, анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарынан хабардар етті.
Бас0арма басшысының сөзінше, 2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан концепция аясында мемлекеттік бюджет есебінен 12,9 млрд. теңгеге 3342 пәтерлі 72 көпқабатты тұрғын үйдің ( 254,2 мың шаршы метр) құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, арендалық 29 үй (1364 пәтер), кредиттік 43 үй (1978 пәтер) салынады деп күтілуде. Ал жыл қорытындысы бойынша 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылып отыр.

— Ендігі ретте құрылыс сапасын жақсарту бағытында тапсырыс беруші мен мердігер мекеме арасындағы келісімшартты күшейту мақсатында қосымша талаптар қарастырылып отыр. яғни, мердігерге 21, техникалық қадағалаушыларға 15, авторлық қадалаушыға 7 қосымша талап енгізілгенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы (24 сағат) онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру сынды талаптар бар. Айта кету керек, анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары да тиісті деңгейде орындалуда, — деді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, қалада тұрғын үй құрылысы бойынша жүйелік өзгерістер қолға алынған. Атап айтқанда, мердігер компаниялар қасбеттерге заманауи материал, композитті панель қолдану, түнгі жарықтандыру шамдарын орнату, кіреберістің бірінші қабатындағы интерьерді заманауи үлгіде сәнді әрлеу, автоматты суару жүйесін орнатуға назар аударуы тиіс.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУГЕ ӨТІНІШ ХКО-ДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі