13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Шымкентте 300-ге жуық жасқа жеңілдетілген несие беріледі

15 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Биыл Шымкентте 300-ге жуық жасқа жеңілдетілген несие беріледі
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Шымкент қаласында 261 жасқа кәсіп бастау үшін жеңілдетілген несие беру жоспарлануда. Жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2 мыңға жуық, «Алғашқы бос жұмыс орны» жобасымен 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Сонымен қоса, қалалық жастар ресурстық және жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен студенттерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Жастар бизнесіне жол ашатын 2,5 пайызбен берілетін микронесие, «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» бағдарламаларының талаптары түсіндірілуде.
Айта кетсек, 5 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несиені облыстық/республикалық маңызы бар қалада/астанада, моноқалада, шағын қалада, ауылды елді мекенде тұратын жастар ала алады. Олардың жасы 21-ден 35-ке дейін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс.
Осы мақсаттарға 2023 жылға 29 млрд теңге қарастырылған. Осы қаражат есебінен елімізде 5,8 мың жас адамға жеңілдігі бар кредит беру жоспарланған. Бұдан бөлек, грант беру құралдары жасалмақ. Бұл кредиттерді «Аграрлық кредиттік корпорациясы» арқылы алуға болады. Несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – жеті жылға дейін; басқа бағыттар үшін – 5 жылға дейін; көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін – 3 жылға дейін; айналым қаражатын толтыру үшін (несиенің бір бөлігі) – 2 жылға дейін беріледі.
Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы – міндетті шарт. Ол ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады. Өтінім беру үшін құжаттар пакетін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыру қажет. Микрокредиттер арнайы комиссияның шешімі негізінде беріледі, оның отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады.
Осылайша, микрокредит беру туралы шешім комиссиялық және нақты іс-қимыл жоспарымен өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, қоғамдық маңызы бар, өміршең болуы тиіс жобаның пысықталуын бағалаудың нақты критерийлері негізінде қабылданады.
Кепілдік ретінде жылжымайтын мүлік пен арнайы техника қойылады. Сонымен қатар негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Оның ұзақтығы микрокредит мерзімінің үштен бірінен аспауы керек.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ТУБЕРКУЛЕЗБЕН КҮРЕС АЙЛЫҒЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЖЕКЕ МЕКТЕП САЛҒАН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ БАР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі