13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯСЫМЕН ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ НЫСАНДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ БОЙЫНША 5 АУДАНЫНЫҢ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

29 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯСЫМЕН ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ НЫСАНДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ БОЙЫНША 5 АУДАНЫНЫҢ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Спорт мекемелерінің және жан басына шаққандағы спорттық секцияны қаржыландыру бойынша Абай ауданында 46 мекенжайда, Әл-Фараби ауданында 49 мекенжайда, Еңбекші ауданында 35 мекенжайда, Қаратау ауданында 59 мекенжайда, Тұран ауданында 48 мекенжайда спорттық секциялар жұмыс істейді.
Спорт кешендері, стадиондар, футбол манеждері, фитнес-тренажер залдары бойынша Абай ауданында 14, Әл-Фараби ауданында 37, Еңбекші ауданында 8, Қаратау ауданында 34, Тұран ауданында 33 спорттық нысан бар. Ал бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен 2023 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында «Шымкент жастар лигасы» өтуде. Сайысқа 526 командадан тұратын 6240 бала қатысуда.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 17 қыркүйек күні қала тұрғындарының қатысуымен «Шымкент марафон» спорттық іс-шарасын өткізу жоспарланған.

Бұдан басқа, қала жасөспірімдері арасында футболдан чемпионат, мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада, медицина қызметкерелері арасында спартакиада, ұлттық спорт түрлерінен мектеп оқушылары арасында жарыс, құқық қорғау қызметкерлері арасында спартакиада, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында спартакиада, Шымкент қаласының қыздар арасында футболдан чемпионат өткізу жоспарланып, аталған спорттық іс-шараларға 33 000 қала тұрғыны мен спортшылардың қатысуы күтілуде.Айта кетейік, 2023 жылдың ақпан айында қаламызда «Үстел теннисі спорт кешені» пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін демеуші есебінен Жаңа ипподром құрылысы мен «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы, бюджет есебін «Металлург» стадионының, №12 спорт мектебінің қосымша корпусының, №20 спорт мектебінің спорт кешенінің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: КӨКТЕМНІҢ ӘР КҮНІ ЖЫЛҒА АЗЫҚ

Next Post

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ШЫМКЕНТТІҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі