13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: КӨКТЕМНІҢ ӘР КҮНІ ЖЫЛҒА АЗЫҚ

29 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: КӨКТЕМНІҢ ӘР КҮНІ ЖЫЛҒА АЗЫҚ
Share on FacebookShare on Twitter

Көктем Оңтүстікке ерте келді. Егістік алаңқайларында жұмыс қызған. Осыған байланысты Шымкент қалалық ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасы көктемгі дала жұмыстарының барысы жөнінде БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды.

Биыл қала маңындағы ауыл шаруашылығы бағытындағы 27 мың гектар жер егістік мақсатқа пайдаланылады. Бүгінде оның 6,2 мың гектарына күздік дақыл, 13,7 гектарына көктемгі дақыл тұқымдары себілді. Сәуірден бастап көкөніс және бақша тұқымы егіле бастайды.

– Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғанға дейін ауыл шаруашылығы бағытында 60 мың гектар жер болған. Оның 20 мың гектары мал шаруашылығына арналса, 40 мың гектары егістік жерлер еді. Егістіктің 10 мың гектары суармалы жер, қалғаны тәлімдік егістік алқабы. Жылдан жылға қала аумағының кеңейіп, әлеуметтік нысандардың көптеп салынуы ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлердің қысқаруына әкеліп отыр. Өткен жылы 30 мың гектардан өнім жиналса, биыл 27 мың гектарға тұқым себіледі. Қазірге дейін 19,9 мың гектарға дәнді-дақылдар, майлы дақылдар және мал азықтық дақылдары себілді, — деді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілі Жәнібек Тоғай.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыруда егін шаруашылығы үшін мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143,2 миллион теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 122 млн. теңгеден астамы минералды тыңайтқыштың құнын субсидиялауға, ал тұқым шаруашылығын дамытуға 20,4 млн, пестицидтердің, биоагенттерді сатып алуға 6 млн теңге қаралған екен.

–Қожалығымызда 3 мың гектар жер бар. Биыл осы жерлерді толық игеріп, 400 гектарына арпа, 600-ге жуық гектарға мақсары, 150 гектарына жоңышқа, қалған жерге бидай тұқымдары себілді. Жеріміз тәлімді болғандықтан егіннің бітік болуы көктемгі жауынға байланысты. Қазір бидайға көктемгі тырма салынуда. Ауыл шаруашылығына қажетті мемлекеттік қолдаудың барлығын алып жатырмыз. Жылына осы жерге 200 тонна дизель отыны жұмсалады. Бүгінге дейін көктемгі дала жұмыстары үшін 10 тонна жанармайды жеңілдетілген бағада алдық. Алайда, мемлекеттен берілетін қолдауға өз уақытынан кеш қол жеткіздік. Қажетті жанар-жағармай уақытында берілсе құба-құп болар еді,- дейді «АгроСервис БМБ» шаруа қожалығының құрылтайшысы Манасбай Бекбауов.

Шымкентте 3500-ге жуық шаруа қожалық бар. Бүгінде көктемгі дала жұмыстарымен 100-ден аса қожалық айналысып жатыр. Егіс алқабындағы көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген бағада 1000 тонна жанармай қаралған. Қазіргі уақытта 310 тонна дизель отыны шаруаларға үлестірілген.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Архивтегі құжаттар цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр

Next Post

СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯСЫМЕН ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ НЫСАНДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ БОЙЫНША 5 АУДАНЫНЫҢ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі