13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Архивтегі құжаттар цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр

29 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Архивтегі құжаттар цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ел дамуының жаңа парақтары ашылды. Осыған сәйкес мемлекеттік саяси және экономикалық басқаруда өзгерістер болды, кәсіпорындар тара­тылып, орта және кіші кәсіпкерлік дамыды. Шымкент қаласында да алып кәсіпорындар, фабрикалар, мекемелер меншік түрін ауыстырып, жаңа заман ағымына сай қайта құрылып жатты. Осы кезеңде оларға тиесілі құжаттардың жоғалып кетпей, мемлекеттік сақтауға қабылдануына ерекше маңыз берілді. Тарихи маңызы зор мекемелердің, кәсіпорындардың құжаттарын көздің қарашығындай сақтау, азаматтардың әлеуметтік құқығын қорғау мақсатында 1992 жылы Шымкент қалалық архиві құрылып, іске кірісті.

Мекеме Ұлы Отан соғысы жылда­рында жауға атылған әрбір он оқтың жетеуін дайындап, жеңіске ерекше үлес қосқан Шымкент қорғасын зауыты, республикадағы ең ірі май комбинаты, «Эластик» және «Восход» тігін фаб­рикалары, қаракөл зауыты, шина және цемент зауыттары, асбоцемент конс­трукциялары комбинаты, пресс-автомат, «Электроаппарат», химфарм, фосфор, гидролиз зауыттары сияқты кәсіп­орындардың өткен уақыт тыны­сындай құжаттарын ұқыпты сақтап келеді.Шымкент қалалық мемлекеттік архиві жылына 6500-ге жуық құжатты сақтауға қабылдайды. Қазіргі таңда мекеменің қорында 191 967 сақтау бірлігі (шамамен 32 млн парақ құжат) сақталуда. Оның 7752-і басқарушылық құжат, 183 883-і жеке құрам құжаты, 95-і жеке тектік құжат, фотоқұжаттар жән 34 бейнеқұжат бар.

Аталған құжаттар кезең-кезеңімен цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша бірінші кезекте тұрақты сақталатын және жиі сұранысқа ие болатын құжаттар цифрлы форматқа көшірілуде. Бұл мақсатта 4 дана планетарлық сканер орнатылған.

Биыл мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша 576 000 парақ құжат жоспарланып, жыл басынан бері архивтік құжаттардың 129 782 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілген.
Айта кетейік, Мекеме жыл басынан бері «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметіне қатысты 1702 сұранысты орындаған.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: БОЗАРЫҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 183 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: КӨКТЕМНІҢ ӘР КҮНІ ЖЫЛҒА АЗЫҚ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі