Өткен жылы қаладағы 81 елді-мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді-мекенде электр қуаты сапасыз.Осыған орай, қаланың даму жоспарына сәйкес, 2022 жылы 13 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында Батыс, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай, Туран 1-2, Сауле, Жаңаталап, Нұртас, Достық, Еңбекші (жаңақұрылыстар), Бозарық-74 га, Нұрсәт тұрғын алабыда бар.
2022 жылдың қорытындысымен Солтүстік саяжай, Тұран 2-кезек, Сәуле, Жаңаталап, Нұртас, Достық, Еңбекші ауданына қарасты жаңақұрылыс аумақтары, Бозарық-74 га аумағын сапалы электрмен қамту құрылыс жұмыстарын аяқталып, 66 мыңнан астам адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды.Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 97%-дан, 98%-ға өсті.
Құрылысы өтпелі 5 нысанның (Батыс, Қайнарбұлақ, Туран 1 кезек, Нұрсәт, Туркестан) құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, қала тұрғындарын сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында, қаланың даму жоспарына сәйкес, 2023 жылы елді мекендерді 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Иә, қалада жарықтандырылған көшелердің қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. 2020 жылы мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 220-сына ғана жарық жүйелері тартылған болатын.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдар аралығында 312 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Айта өтсек, бұл бағытта тиісті келісім шарттар да жасалды.
Жоспарға сай биылғы жыл соңына дейін қалада 104 көшені жарық жүйелеріне қосу жоспарланып отыр. Қазір құрылыс жұмыстары да басталды. Қорытындысына сәйкес шаһардағы жарықтандырылған көшелер санын 532-ге, яғни 70 пайызға жеткізу көзделіп отыр.