13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСПЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ ІСКЕ АСУДА

31 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСПЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ ІСКЕ АСУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Қала аумағында өз бетінше құрылыс салу, рұқсатсыз аула немесе көшелерде қазу, құрылыс пен жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарын орындамаған тұлғаларға заңнамада белгіленгендей шара көріледі. Шымкент қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы мәліметінше, шаһарда 2022-2023 жылдары 30 нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы сотқа талап арыз берілген.
Бекітілген жоюдан ауытқу, мемлекеттік нормативтерді бұзу, құрылыс материалдарын үйiп тастау да заңсыз әрекетке жатады дейді жауаптылар. Мамандар көп жағдайда құрылыс алаңдарында шыға берісінде көлік құралдарының дөңгелектерін тазалау, жуу пункттерімен жабдықтамау, қоқыс жинау бункерлерін орнатпау, құрылыс жүріп жатқан іргелес аумақты тиісті жағдайларда тазаламау сияқты бұзушылықтар жиі орын алатынын айтады.

Жыл басынан бері жалпы 43 (сапасына қатысты – 4, заңсыз құрылыстарға қатысты – 39) құрылыс объектісі бойынша 118 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. (8 866,5 АЕК – 30 589 425 теңге).

Жалпы, 2022-2023 жылдары 30 нысанды мәжбүрлеп бұзу туралы Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексіне сәйкес, бұзу туралы сотқа талап арыз берілген. Қазіргі таңда 14 нысанды мәжбүрлеп бұзу бойынша сот шешімі шыққан. Қалған 16 нысан бойынша талап арыздар сотта қаралуда. Заңсыз құрылысқа қатысты 14 нысан бойынша сот шешімі шыққан. Оның ішінде 8 құрылыс нысаны бойынша мәжбүрлеп бұзылып орындалған. Қалған 6 нысанды мәжбүрлеп бұзу бойынша Шымкент қаласының Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімінде қаралуда.

Қазіргі таңда қала аумағындағы құрылыс сапасын бақылау бойынша техникалық қадағалаушылар объектілерге ай сайын мониторинг жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан 585 нысанға (оның 118-і бюджеттік нысандар, 467-і жеке нысандар — 467) мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде басқарма тарапынан 43 (сапасына қатысты – 4, заңсыз құрылыстарға қатысты – 39) құрылыс объектісі бойынша 118 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған (8 866,5 АЕК – 30 589 425 теңге). Оның ішінде, құрылыс сапасына қатысты 4 құрылыс нысаны бойынша 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 1950 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Ал, қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты 39 құрылыс нысаны бойынша 113 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жауаптылар 6 916,5 АЕК айыппұл арқалаған. Айта кетейік, басқарма ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-бабына сәйкес, авторлық қадағалаушы тұлғаларға және Заңның 34-1 бабына сәйкес, техникалық қадағалаушы тұлғаларға құрылысқа қатысты міндеттерін өз деңгейінде атқаруға ескертулер тұрақты жолдануда.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫНА 600 -ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН

Next Post

Биыл Шымкентте 800 метр жасанды жол кедергілері орнатылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі