13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫНА 600 -ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН

31 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СУБСИДИЯСЫНА 600 -ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН
Share on FacebookShare on Twitter

Шаһарда тұрғын үй субсидиясы пәтер жалдап тұратын отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмекте іске асуда. Бағдарлама іске қосылғалы 572 отбасының тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленуде.

Бұл көмек түрін 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар ала алады.

Субсидия отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 6 айдағы орташа жиынтық табысының ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 40 567 теңге) аспаған жағдайда беріледі.

Үміткердің депозиттік шоты болуы қажет. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы шот аша алады.

Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн қабылданады.

Биыл іске қосылған реновация бағдарламасына қаладағы авариялық және тозығы жеткен 6 үй ұсынылып отыр. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындарға жаңа бағдарламаның шарттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ескірген ғимараттарды бұзу меншік иелерінің келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Тұрғындарға құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі. Бағдарлама тозығы жеткен ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлерді көбейту үшін қолға алынып отыр.

Бүгін тұрғын үй қорын реновациялау және қайта жаңғырту бағдарламалары талаптарын түсіндіру мақсатында баспасөз туры ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта реновация бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы штаб құрылды.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін қалада 40 көп қабатты тұрғын үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Previous Post

Шымкентте бизнесті қорғау бойынша жұмыс күшеюде

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСПЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ ІСКЕ АСУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі