13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Тауарларға арналған декларацияларының бағандарын толтыру ережелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

3 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
«Тауарларға арналған декларацияларының бағандарын толтыру ережелері» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кеден өкілдерінің сұранысына байланысты, 2023 жылдың 2 наурызында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен «Тауарларға арналған декларацияларының бағандарын толтыру ережелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді. Аталған жиналысқа төрағалық етуші Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.А.Тұрысовпен бірге кеден өкілдері, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары, Шымкент қаласының Көлік прокурорының орынбасары Ж.Куаныш және Департамент қызметкерлері қатысты.

Осы «дөңгелек үстелде» тауарларға арналған декларациялардың бағандарын толтыру ережелері туралы мәселелері қарастырылды. Кеден өкілдерімен кедендік декларациялау кезінде жіберілген қателіктер бойынша шара қолданудың сәйкессіздігі, сондай-ақ тауарларға арналған декларациялардың бағандарын толтыру ережелерін түсініксіз түсіндіру  мәселелері көтерілді.

Депртамент қызметкерлер тарапынан, құжаттарға сәйкес мәлімделген мәліметтерді растауға, тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды мәлімдеуге қатысты кеден заңнамаларының нормаларына түсіндіру жүргізілді. Бұл ретте, сыртқы сауда келісімі тұжырымдамаларына ерекше назар аударылды. Сонымен бірге, декларацияға мәлімделген мәліметтерді өзгерту шарттары және мәліметтерді дұрыс емес мәлімделген жағдайда жауапкершілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершіліктің қолданылыу мәселелері бөлек қаралды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлғаның құқығы мен міндеттері және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қарау мерзімі мен әрекеттеріне шағымдану тәртіптері түсіндірілді.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының Көлік прокурорының орынбасары Ж.Куаныш әкімшілік істерді және процеске қатысушылардың құқықтарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қатаң түрде қарау қажеттілігін мәлімдеді.

«Дөңгелек үстел» шеңберінде мәселелерді талқылау барысында, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен ай сайын түсіндіру жұмыстарын өткізу туралы ұсыныс айтылды.

Previous Post

Облыс прокуроры Марат Алиханов Кентау қаласындағы №5 жылу энерго орталығына барды

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАУСЫЗ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі