13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Облыс прокуроры Марат Алиханов Кентау қаласындағы №5 жылу энерго орталығына барды

3 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
Облыс прокуроры Марат Алиханов Кентау қаласындағы №5 жылу энерго орталығына барды
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс прокуроры Марат Алиханов Кентау қаласындағы №5 жылу энерго орталығына барып, жұмысшылармен кездесу өткізді және олардың еңбек ету жағдайымен танысты.

100 мың тұрғыны бар қаланы жылумен толық қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекеме болып табылатын №5 ЖЭО 1934 жылы салынған. Мамандардың мәліметтері бойынша бүгінгі таңда мекеменің жабдықтары тозығы жетіп ескірген және жаңартып, жаңғыртуды қажет етеді.

Нысанның стратегиялық маңыздылығына байланысты мекеменің қызметі мен жұмысшылардың еңбек құқығының сақталуы үнемі прокуратураның бақылауында.

Кездесу барысында Марат Алиханов прокуратураның қадағалау актісімен 365 жұмысшының 25 млн. теңге жалақы қарызы төленгенін атап көрсете отырып, әкімдіктің назарын жабдықтарды жөндеуге қаражат бөлудің қажеттілігіне, сондай-ақ жалақыны мерзімінде төленуі бойынша сұрақтарға аударды.

Облыс әкімінің міндетін атқарушы Арман Жетпісбаев кездесуде прокуратураның үйлестіруімен мекеменің мәселелерін шешу жолында шаралар қолданылып, бүгінгі күні жергілікті атқарушы орган тарапынан ЖЭО-ны модернизациялауға жобалар жасалғанын айтты.

Сонымен қатар облыс прокуроры орталықтың жұмысшыларымен жеке қабылдау өткізіп, қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаларды түсіндірді және жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА БАСПАСӨЗ-ТУРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Next Post

«Тауарларға арналған декларацияларының бағандарын толтыру ережелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі