13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАУСЫЗ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

4 марта, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТОҚТАУСЫЗ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter
Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен аудан аумағындағы қала, кент және барлық ауылдық округтерде күн сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынып отыр.
Бүгінгі таңда аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтау жұмыстарына жұмылдыру ісінде аудан басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, жергілікті әкімдер мен тұрғындар белсенділік танытып, жер-жерлерде арнайы бекітілген кесте негізінде жұмыстар жүргізілуде.
Тазалық жұмыстары аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлер өздеріне бөліп бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізсе, ауданның әрбір тұрғыны үй іргелік жерлерін, елді мекен шегіндегі автомобиль жолдарының жиегін күл-қоқыстардан, тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартуда. Сонымен қатар, сенбіліктер барысында саябақтар мен скверлер, көшелер мен арық-атыздар да тазалануда.
Сондай-ақ, аудан әкімінің тапсырмасымен аудандық коммуналдық сала басшыларына күл-қоқыстарды шығаруда арнайы көліктермен қамтамасыз ету, сенбілік жұмыстарын тек орталықтарда ғана емес барлық округтерде, елді мекендерде жыл он екі ай жүргізілуін қадағалау жүктеліп отыр. Бұл іске әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп беріліп, тазалықты сақтауға ауыл ақсақалдары да тартылатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

«Тауарларға арналған декларацияларының бағандарын толтыру ережелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Next Post

ТҮРКІСТАНДА «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН!» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СҰЛТАНМАХМҰТ ПЕН МАҒЖАННЫҢ ЖЫРЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі