13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістанда тұқымбақтағы көшет саны 10 миллионға жеткізіледі

19 августа, 2020
in Қоғам
0
Түркістанда тұқымбақтағы көшет саны 10 миллионға жеткізіледі
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылы Түркістандағы тұқымбақтағы жалпы көшет саны 10 миллионға жеткізіледі. Осылайша қаланың жасыл белдеуін қалыптастыру жұмыстары жалғасып, отырғызылатын ағаш көшеттерімен толық қамтамасыз етіледі. Бүгінде мұнда күзгі көшет егуге арналған 3000 га жерде жер жырту жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағы бүгінде 8650 гектарға жетті.

Аталған жұмыстар жергілікті климатты өзгерту үшін қолдан орман жасау жобасын жүзеге асырған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. Қазірде қалада 2-млн-ға жуық жапырақты, көпжылдық ағаш көшеттері жайқалып өсіп тұр. Қала жан-жақтан жасыл желекке оранып, 120 000 шаршы метр жерге қоршау орнатылды. Ұңғыма қазу, су жүйелері жүргізілген. Қаланың іші мен айналасын көгалдандыру жаңарған шаһардың құрылысындағы маңызды мәселелердің бірі.

Биыл да өңірде шаған, терек, қайың, қарағаш, арша, үйеңкі ағаштары отырғызылады. Жаңа аэропорт жолындағы 100 га астам жерге қарағаш, терек, үйеңкі, шаған, боз арша, талшын ағаштары егілген. Сондай-ақ, көше бойына жапондық сафора, сирия розасы мен аморфа сынды экзотикалық өсімдіктер отырғызылды.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Ақтау үкімдерінің көбеюі - сананың өзгеруі

Next Post

Түркістан облысында мешіттерге қойылған шектеу шаралары ұзартылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі