13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ақтау үкімдерінің көбеюі — сананың өзгеруі

18 августа, 2020
in Жаңалықтар
0
Ақтау үкімдерінің көбеюі — сананың өзгеруі
Share on FacebookShare on Twitter

Басына іс түсіп, тағдыры тәлкекке ұшыраған жандар араша күтеді. Ол арашаны өзге біреуден емес, соттан іздейді. Ал соттан олар құқық қорғау органдарының бұрмаланған ісінен ақтауды сұрап, әділдікке жетуді көздейді.

Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов — ақтау үкімдерінің аздығын үнемі алға тартып келуде. Ақтау үкімдерін арттыру үшін судья, прокурор және тергеушінің құзыре­тін бір -бірінен бөлу керек деген. Істің басынан бастап сотқа жібергенге дейін, тергеуші өз-өзіне қожа. Материалдарды өзі жинайды, оларды айғақ ретінде өзі таниды, өзі күдік тудырады, Қылмыстық кодекс бабын өзі белгілейді, соңғы шешімді қабыл­дап, айыптау актісін шы­ғара­ды немесе қылмыстық істі тоқтатады.

Ал про­­курорлардың бүгінде қолын­да үлкен мәртебе бар. Бірақ қор­ғау­шылар қолында ондай құ­қық жоқ. Сондықтан құқық қорғау органдарының атқарар ісі әр­қашанда көңілден шыға бермейді. Өйткені, деректерді дәлел ретінде тануда немесе танымауда және істі қысқартуға келгенде, өздеріне қатысты түр­лі пікірлер туындауы мүмкін деп, жағдайдан шыға алмайды. Содан мұның ақ, қарасын шы­ғарсын деп іс сотқа жолданады.

Әрине, қазіргі күні ақтау үкімі мүлде аз деп айту­ға болмайды. Судьялардың  жаңашылдығы, ізгілікті көз­қарасы арқасында соттарда ақтау үкімі жылдан-жылға артып келеді. 1 сатылы соттардың Жоғарғы сот талабына сай санасы өзгеріп, үкім шығаруды қолға алған деуге негіз бар. Маселен, Түлкібас аудандық сотында 2015-2018 жылдар аралығында жекеше айыптау істерінен басқа, мүлдем ақтау үкімі қабылданбаған болса,  2019  жылы екі ақтау үкімі жарияланды, 2020 жылдың 1-ші жарты жылдығында тағы бір ақтау үкімі жарияланды.

Атап айтқанда, 2019 жылы Түлкібас аудандық сотымен   «А» есімді азаматқа қатысты ақтау үкімі жарияланған болатын.

Тергеу органдары азамат «А» — жетім, тұрғылықты мекен-жайы жоқ, білімі орта, некеде тіркелмеген, уақытша жұмыссыз, туберкулез ауруына шалдыққан, іздеуі, сұрауы жоқ азамат болғандығын пайдалана тұра, айып тағып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі — ҚК) 191-бабы 2-бөлігінің 1,4 — тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен сотқа берген.

Аталған іс бойынша тергеу тексеру органдары  күдіктіге істі мойындату үшін бірнеше заңсыз әрекеттерге барған, ҚПК-нің 24-бабының талаптары бұл қылмыстық іс бойынша сақталмаған, сонымен қатар бұзылған. (Бірнеше тергеп-тексеру органдары мен прокуратура қызметкерлеріне жекеше қаулылар қабылданған).

Қылмыстық істі қарап жатқан судья, тергеу әрекетінің шынайы, объективті түрде жүргізілгеніне күмәнмен қарап,  «А» -есімді азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігінің 1,4-тармақтарымен кінәлі емес деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысуы дәлелденбеуіне  байланысты, ақтау үкімін шығарды.

Сонымен қатар, күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысуы дәлелденбеуіне байланысты, тергеушіге, прокурорға және туберкулез диспансерінің бас дәрігеріне қатысты жекеше қаулылары шығарылды.

Аталған үкімге келіспеген мемлекеттік айыптаушы, апелляциялық өтініш беріп, Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Ал, мемлекетіміздің Бас прокуратурасы істі сұратып, зерделеп болған соң, іс бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына наразылық келтіруге негіз таппай қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотқа кері жолдады.

Аталған іс бойынша үкім заңды күшіне еніп, сот мұрағатына сақталуға өткізілді.

 

Түлкібас аудандық сотының

БАҚ бойынша үлестіруші судья

Б.А.Турабай

 

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

«Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қоры Мақтарал тұрғындарына арналған 20 үйдің құрылысын толық аяқтады

Next Post

Түркістанда тұқымбақтағы көшет саны 10 миллионға жеткізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі