13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында мешіттерге қойылған шектеу шаралары ұзартылады

19 августа, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында мешіттерге қойылған шектеу шаралары ұзартылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында карантиндік режимге байланысты мешіттерге қойылған шектеу шаралары әлі де ұзартылады. Бұл қатерлі індеттің ел ішінде таралуын болдырмау мақсатында ұйымдастырылып отырған шаруа. Азаматтарды осы мәселеге түсіністікпен қарап, сабырлы болуға шақырамыз. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді мәлімдеді.
Оның сөзінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан карантин талаптарын сақтай отырып, мешіттерді қайта ашу туралы ұсыныс берілген.
«Өздеріңізге белгілі, кеше өткен мемлекеттік комиссия отырысында карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын жеңілдету жөнінде ұсыныстар айтылды. Алайда әлі де тыйым салынған орталықтардың қатарында діни нысандардың бар екендігі мәлім болды. Дегенмен, қазіргі таңда аталған мәселеге қатысты қайта ұсыныс берлді. Ұсынысқа байланысты мешіттерді де кезең-кезеңімен ашу талқылануда. Алла қаласа, жуырда мешіттеріміз қайта ашылады деген үлкен үміт бар», – деді М. Ақтамберді.
Сондай-ақ, облыстың имамы мұндай шектеулер біздің елімізде ғана емес, басқа мұсылман мемлекеттерінде де осындай шешім қабылданғанын сөз етті. Яғни, осындай шектеу шараларының арқасында жағдай тұрақталып келе жатқанын, енді аз ғана төзімділік танытсақ, жамағатпен намаз оқитын күнге де жететінімізді айтты.

 

Tags: 13kz13кз
Previous Post

Түркістанда тұқымбақтағы көшет саны 10 миллионға жеткізіледі

Next Post

Кентау табиғи газбен толық қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі