13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕР СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫН ТЫҢ ЖОБАМЕН ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРДЫ

2 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕР СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫН ТЫҢ ЖОБАМЕН ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жасаған тың жоба Сығанақ қаласының тарихын қайта жандардырды. Жоба авторларының айтуынша ғылыми туындыны толық зерттеуге 1 жылдан аса уақыт жұмсалған.

Қазақ даласының ұлттық пантеоны болған Сығанақ қаласының тарихын зерттеп, ежелгі шаһардың 3D моделін жасаған жоба авторлары 8 сынып оқушысы Одина Турсункулова мен 9 сынып оқушысы Нұргүл Жарылқаптың «Ортағасырлық Сығанақ қаласының Ұлы Жібек жолындағы маңызы» атты ғылыми жобасы авторлық куәлікке ие болды.

«Қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан көптеген қалалар бар. Соларды жаңғырту мақсатында біз Сығанақ қаласын таңдадық. Дешті-Қыпшақтың бірден-бір порты болған тарихи маңызы бар қала болғандықтан ғылыми деректер тым аз. Осы тұста біз ежелгі Сығанақ қаласының тарихи маңызын түсіндіруде зерттеу ауқымын кеңейтіп, тек жазбаша деректермен ғана емес, 3D моделін жасап виртуалды нұсқасын әсіресе жастарға өнеге етіп көрсету біздің басты мақсатымыз болды», – дейді жоба авторы Нұргүл Жарылқап.
Жоба жетекшілері тарих пәнінің мұғалімі Бақытжан Дүкенбай, география пәнінің мұғалімі Серік Жолдасов, математика пәнінің мұғалімі Эльдар Абдушукуров ғылыми туындыны зерттеудегі басты мақсат Сығанақ қаласының тарихи маңызын қазіргі жастар мен келешек ұрпаққа айшықтап жеткізу дейді.

Жоба жетекшілері мен авторлары ғылыми туындыны толық зерттеу бұнымен тоқтап қалмайтындығын, алдағы уақытта тың деректермен жобаны жандардыра беретіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар, келешекте республикалық деңгейде өткізілетін ғылыми конференцияларға жобаны ұсыну жоспарда бар екендігін атап өтті.

Сыр еліндегі тарихи мәні терең көне қалалардың бірі – Сығанақ. Қазақстанның киелі жерлерінің картасына еліміз бойынша таңдалып алынған 100 қасиетті орындардың тізіміне облыстан 12 ескерткіш енгізілсе, соның бірі біз әңгімелеп отырған қала.

Мамандар Сығанақты қыпшақ даласының қақпасы деп те атайды. Оның өзіндік тарихи дәлелдері жетіп артылады. Бұл қала кезінде Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығының, кейін Қазақ хандығының астанасы болған. Тіпті, оның екі мыңжылдық тарихы бар деген де деректер кездеседі.
Сығанақ қаласының орны Жаңақорған ауданына қарасты Сунақата елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 2 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл қала туралы алғашқы мәлімет 982 жылы жазылған «Худуд ал-Алам мин ал-Машрик ила-л-Магриб» («Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары») атты авторы белгісіз еңбекте «Сунах» атымен кездеседі. Х ғасырда өмір сүрген араб географы аль-Мукаддаси (Макдиси) аталған қаланы Отырармен кіндігі бір егіз қала деп көрсеткен. Сығанақ пен Отырардың ара қашықтығы 160 шақырым екенін де айта кеткен жөн. Ал, ХІ ғасырда қаланың Сығанақ деген атау атақты ғұлама, түркі тілінің маманы, ғалым Махмут Қашқаридың «Түркі тілінің сөздігі» деген атақты еңбегінде жазылған. ХІ-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезіндегі жазба деректердің барлығында қаланың аты жиі кездесіп отырады.

ІХ-Х ғасырларда Сыр бойын оғыз тайпалары мекендеген. Сол кездері Сығанақ оғыздардың иелігінде болған. Х-ХІ ғасырлардың ортасында ішкі алауыздық салдарынан Оғыз мемлекеті әлсірей бастады. Осының әсерінен ХІ ғасырдың бас кезінде қыпшақтардың шапқыншылығына төтеп бере алмайды.

Previous Post

МАҚТААРАЛДА NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА "КЕШКІ ЛИГА" ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі