13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА «КЕШКІ ЛИГА» ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

2 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДА NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА «КЕШКІ ЛИГА» ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жұмыссыз жастар және олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру — қазіргі таңда өзекті мәселе. Олардың басын бір ортаға қосып, қоғамдық ортаға бейімдеу және сол арқылы мәселелерін нақты зерделеу үшін ауданның «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Кешкі лига» ойындары бастау алды.
Аталған жоба аудан бойынша 2 кент пен 67 елдімекеннің барлығын қамтып, әрбір елдімекенде аптасына кемінде 2-3 рет спорттық жарыстар өткізілуде. Сондай-ақ, жыл басынан қазіргі таңға дейін 300-ге жуық спорттық командалар құрылып үлгерген.

Елдімекеннің әрбір жасын, оның ішінде neet санатындағы жастарды спортқа, қоғамдық ортаға тарта отырып, олардың кешкі уақыттарын тиімді пайдалану, бұқаралық спортты насихаттау және ең бастысы олармен сұхбаттасу, еркін пікір алмасу арқылы мәселелерін анықтау — «Кешкі лига» жобасының басты мақсаты.

Ауданның жастар орталығының директоры Сүндет Кенжебаев ауыл жастарын қолдауға арналған жоба көпке үлгі болып, спорттық жарыстар елдімекендерде дәстүрге айналып жатқанын атап өтті.
«Жобамыздың «Кешкі лига» аталуының өзінде үлкен мағына жатыр. Себебі, әрбір матч кешкі мезгілде, жастарымыздың қолы бос уақытта өтеді. Біз орталық тарапынан координатор ретінде елдімекендерде спорттық алаңның ашылуына рұқсат алып беріп, әрбір елдімекеннен көшбасшыларын тағайындадық. Мейлі, ол шағын футбол алаңшасы болсын, мейлі ол мектептердің спорт залы немесе стадионы болсын, жастарымыз үшін кешкі уақытта бәрінің есігін айқара ашып беріп отырмыз» — деді С.Кенжебаев.
Айта кетейік, «Жастар лигасы» жобасы аясында елдімекендердегі үздік спортшы жастарды да анықтап, олар облыстық, республикалық жарыстарда ауданымыздың намысын қорғау үшін іріктелетін болады.

Айта өтсек, ылымда NEET термині ағылшын тіліндегі «Not in Empoloyment. Education or Trai­ning» ұғымының бас әріптерінен құралған. Қазақ тіліне аударсақ «не жұ­мыс істемейтін, не оқымай­тын, не өзге де істермен айналыс­пайтын адам» дегенді білдіреді. NEET жастар – XX ғасырдың соңына қарай пайда болған мәселе. Бұл мәселені Ұлыбритания алғаш болып көтерген. Ал жастардың әлеуметтік әлсіз топтарына арналған мемлекеттік сараптаумен Бүкілелемдік банк айналыса бастауы, мұның әлемдік деңгейдегі күрделеніп кеткен мәселе екенін көрсетіп отыр.NEET жастардың пайда болу себебін объективті, субъективті және жеке тұлғалық тұрғыдан қарастыруға болады. Ең басты әсер ететін фактор – өскен ортасы, отбасы, қоғам, достар, туысқандар. Сонымен қатар көп жағдайда ата-ана балаларын тым сезімталдықпен өсіреді. Баланың өз бетімен қимылдауына мүмкіндік бермейді. Тұрмыстық жағдай болса да бала оны өзі жасаса немесе ата-ана баламен бірге отырып орындаса, бала кез келген нәрсенің қадірін біліп өседі және жауапкершілік сезінгеннен кейін қоғамдық өмірге жеңіл жол түзей алады.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: «Жастықтың мәңгі жаршысы» атты жастар сағаты ұйымдастырылды

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕР СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫН ТЫҢ ЖОБАМЕН ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі