13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: «Жастықтың мәңгі жаршысы» атты жастар сағаты ұйымдастырылды

2 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: «Жастықтың мәңгі жаршысы» атты жастар сағаты ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Белгілі суретші Ғани Иляевтың туғанына 105 жыл толуына орай Тастұмсық ауылдық кітапханасында бүгін «Жастықтың мәңгі жаршысы» атты жастар сағаты ұйымдастырылды. Атаулы шараға М.Лермонтов атындағы жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушылары және тағы басқа қонақтар қатысты. Мақсаты, жастарға қазақ кескіндеме, сурет өнерінің шоқтығы биік тұлғасын таныстыру, оның шығармашылығын, ұлттық қолөнерге қосқан үлесін дәріптеу.

Ғани Иляев жастайынан халық өнеріне сүйсініп өсті. Анасы кілем тоқып, киіз басса, нағашысы күміс белдік, білезік, сырға жасайтын айтулы шебер болған. Зерек баланы қолөнер бұйымдарының үлгілері қатты қызықтырды. Сөйтіп өз еңбегінің алғашқы нұсқаларын жасай бастайды. Оқи жүріп, бейнелеу өнері үйірмесіне қатысады. Кейін суретші А. Волковтың шәкірті атанады. Ғани техникум мен училищедегі оқуын аяқтап, еңбекке белсене араласады. Мектепте сурет пәнінен сабақ береді. Көрмелерге қатысып, безендіру жұмыстарымен айналысады. Сол тұста соғыс басталып, Ғани әскер қатарына шақырылып, жаяу әскер командирлерін даярлайтын училишеге оқуға жіберіледі.

Суретші ою-өрнектердің зооморфтік, өсімдік тектес және геометриялық түрлерін жүйелі зерттеп пайдалануды іске асырды. Қылқалам шебері қазақ халқының ою-өрнектерін жинақтап, зерттеді. Ол кісінің жинағына мәдени мұраның 5 мыңға жуық түрі кірді. Суретшінің 500-ден астам еңбегі республикамыздың галереялары мен көркемөнер қорына алынған. Оның «Қыз қуу», «Сәлем», «Айтыс» композициялық төл туындылары үйлесімді бояу үндестігімен көзге түседі. «Гүлденген Оңтүстік», «Көктем» атты кілем эскиздері де ұлттық нақыштармен ерекшеленеді. Сонымен қатар, суретші бейнелеген «Біржан мен Сараның айтысы», «Қысқы пейзаж» көрермендерге айтарлықтай әсер қалдырды. Қылқалам шебері саналы ғұмырын кескіндеме өнеріне ғана арнаған жоқ. Бірнеше буын шәкірттер тәрбиеледі. Қаламға ынтазар жастардың шеберлігін шыңдады. Талай талапкер Шымкент педагогикалық институтындағы «Сурет жəне сызу» мамандығы бойынша білім алып, суретшінің жолын қуды. Ал Ғани Ильяев шәкірттеріне ою-өрнектің қыр-сырын үйретті. Ерекшеліктері туралы кеңесін де аямады.

Жастар сағаты «Ұлттық мұра–жастарға аманат», Қазақ мәдениеті және жастардың мәдениетті дамытудағы рөлі» сынды бөлімдерден тұрды. Өз кезегінде кітапханашы заңғар кескіндемешінің ғұмыр жолына тоқталып, «Ерек ғұмыр иесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Жас суретшілер Керімхан Иманәлі мен Керімхан Ерасыл өздері салған суреттерін көпшілік назарына ұсынды.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: "ТОЛАҒАЙ "ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Next Post

МАҚТААРАЛДА NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА "КЕШКІ ЛИГА" ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі