Салауатты болашақ балабақшадан басталады. Түлкібас ауданына қарасты «Қарлығаш» мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымында бүлдіршіндерді жастайынан спортқа баулу шарасы қолға алынған. Дені сау ұрпақты тәрбиелеуді негізгі міндет етіп алған тәлім мекемесінде “Толағай” отбасылық спорттық сайысы өтті. Бүлдіршіндер ата-аналарымен жарыс ойындарына қатысып, түрлі сыйлықтарға да ие болды.
Спорттық сайыстың басты мақсаты — балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. “Толағай” отбасылық спорттық байқауға әр топтан белсенді отбасылар қатысты. Әрқайсысы командағы атау да ойлап тапқан.
Спорттық додаға ата-аналардың ерекше дайындықпен келгенін байқадық. Әр команда жеке ұранын әзірлеп, бір түсті спорттық киімдерін де киіп келген. Спорттық байқау 10 кезеңнен тұрды. Команда мүшелері жүгіру, секіру, кедергілерден сүрінбей өту секілді сыннан өтіп, спортқа деген бейімдігін көрсетті.
Жалпы сайыс қорытындысы бойынша Хашимбековтар, Жұмабековтар және Лесхановтар отбасы жүлделі орындарды иемденді. Барлық командаға ептіліктері мен шапшаңдылықтары үшін балабақша ұжымының атынан арнайы дипломдар табысталды. Ал чемпион атанған отбасы «Толағай» кубогымен марапатталды.
“Біздің отбасылық сайысымыз өте қызықты өтті. Әсіресе ата – аналарымен бірге спорттық додаға түскен балалардың қуанышында шек болмады”- дейді мамандар. Маманның сөзіне сенсек, балабақшада мұндай спорттық шаралар бүлдіршіндер арасында жиі ұйымдастырылады екен.
Иә, расында қазір ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселенің бірі болып отыр. Отбасының да, балабақша ұжымының да мақсаты бір — ол болашақ ұрпағымыз саналатян балаларға жақсы тәлім- тәрбие беру. Дегенмен әрбір адам бүлдіршіннің тәрбиеленетән алғашқы ұясы отбасы екенін ұмытпағаны жөн. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деп дана халқымыз текке айтпаған. Яғни, ата-анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болады. Ғ.Мұстафин айтқандай «Ата-ана қадірін білген бала халық қадірін біледі, халық қадірін білген бала ата-ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін, мәдениетін, өнерін,тілін қадірлеуді ата-ана және ұстаз болып үйрету керек». Қуантарлығы, Қосшыдағы “Алтын дән” мемлекеттік мекемесінде ата-анамен ынтымақтастық тығыз. Бүгінгі іске асырылып жатқан жобалар соның дәлелі болып отыр.
XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемле-кетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі білім беру ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала, балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып қсу жолында балабақшаның маңызы зор.
Айта кетсек, сайысты педагог-сарапшы тәрбиешісі Қ. Жұмабаеваның және дене тәрбие нұсқаушылары Г.Шымырбаева, Н.Қойбағарова ұйымдастырды.