13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас: «Тәрбиенің алғашқы мектебі — отбасы» аудандық семинары өтті

2 февраля, 2023
in Жаңалықтар
0
Түлкібас: «Тәрбиенің алғашқы мектебі — отбасы» аудандық семинары өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес, Абай атындағы мектеп-лицейінде «Тәрбиенің алғашқы мектебі- отбасы» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған кезекті аудандық семинары өтті. Мектеп директоры Н.Сағындықов семинардың мақсаты отбасындағы қарым — қатынас мәдениеті туралы түсінік бере отырып, білім алушылар мен ата — аналарды жанұядағы сыйластыққа ,адамгершілікке,инабаттылыққа,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу екенін айтып өтті. Сондай — ақ, аудандық білім бөлімінің әдіскері Эльмира Әбілқасымқызы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің басты идеясы Абай шығармасындағы үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі «Толық адам» философиясын насихаттаудың бірден бір жолы отбасы тәрбиесі екенін,ол үшін тәрбие бағдарламалары ата — аналармен бірге келісе отырып,әзірленуін, жеке тұлғаны тәрбиелеуде басымдық отбасына берілуін және осы бағыттағы жұмыс бүгінгі тәжірибелік семинар сабақтарынан толық таныса алатындарын түсіндіре келіп, семинар сабақтарының бағдарламасымен таныстырды.

Тәрбие-күрделі үрдіс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Еңселі егеменді еліміздің қуатты тұтқасын саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруіміз қажет. Ата-бабамыздан қалған мөлдір бұлақтай ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. Бала – жас өсіп келе жатқан өркен сияқты. Қалай исең соған бағытталып өркен жаяды. Сондықтан жас өркенге дұрыс күтім жасаудың маңызы зор. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы айтқан екен.

Сол ұлы адамдар сияқты баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. Ата-аналардың оқу мен тәрбие процесіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса күтілер нәтиже жемісті болмақ. Мектептегі қандай жұмыс болмасын мектеп басшысының, мектеп ұжымының қолдауы өте қажет.

Семинар барысында ашық тәрбие сағаттары мен мектептегі жүргізіліп жатқан әкелер мен әжелер жұмысын көрсететін практикалық сабақтар ,жоғары сыныптармен дебат сабақтары өтті. Өтілген сабақтар талқыланып, ДТІЖО — ның пікірлері тыңдалынды.

Previous Post

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСУДІ ҰСЫНДЫ

Next Post

ТҮЛКІБАС: "ТОЛАҒАЙ "ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі