13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Мал ішпейтін суды ішіп отырмыз». Ауыз судың азабын тартқан жұрт Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұрады

Шұбарсу ауыл округі, Асар массив тұрғындарының билікке өкпесі қара қазандай.

10 августа, 2020
in Жаңалықтар
0
«Мал ішпейтін суды ішіп отырмыз». Ауыз судың азабын тартқан жұрт Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұрады
Share on FacebookShare on Twitter

https://youtu.be/CYByyQ_utRI

Лайқа суды тұтынып отырмыз деген жұрт, оны адам түгілі мал да ішпейді деп ашынуда.

 Булат Ермеков

Шұбарсу ауыл округі, Асар массив тұрғыны

// Мұны малда ішпейді ғой, енді мал орнына біз ішіп жатырмыз енді малымыз жоқ өзіміз мал болып.

Жұрт, лайқа суды ыдысқа құйып тұндырып ішеді, тазарған уақытта ғана пайдаға жаратады. Олай жасамаса жас балаларды ауыртып аламыз ба деп қорқады. Айтуларынша сапасыз суды тұтынып төсек тартып қалған кездері де болған.

 Айман Жабалиева

Шұбарсу ауыл округі, Асар массив тұрғыны

// Міне лай су шығады күнде, біз ыдысқа толтырып аламыз азанда,сосын тұндырамыз.Қазір міне құйып алғанымыздың өзі мынау болып тұр.  Лайқа суды тұндырып ішеміз. Бұны тұндырмай ішсек балаларымыздың іші ауырады.

Бұл мәселені Асар ауылының тұрғындары бір емес бірнеше рет көтерген екен. Бірақ әлі күнге оң шешімін таппапты. Халық басшылардың құрғақ уәдесінен әбден шаршадық деп отыр.

Айман Жабалиева

Шұбарсу ауыл округі, Асар массив тұрғыны

// Әкімдікке барсақ әкім болмайды. Орнында болмайды, қайда кетті жиналыста дейді. Азанда сағат 8:30-да жиналысқа кетті дейді 11:30-ға дейін күтеміз. Ол кезде де болмай қалады, сосын қайта қайтамыз басымыз салбырап. Әкім болмайды. Біз қашанға дейін шыдаймыз.

Зейнет жасындағы Булат Ермеков елдің жағдайы ескерусіз қалып кете ме деп алаңдайды.

Булат Ермеков

Шұбарсу ауыл округі, Асар массив тұрғыны

// Міне су жағдайымыз осыдан тұндырып сосын ішеміз, жылы су. Басқа лажы жоқ, міне осылай ішіп жатырмыз.

Асар ауылындағы ағайынның арманы таза ауыз су. Пластамасса ыдыстарды тізіп қойып, суды тұндырып ішуді әдетке айналдырғанымен оны да амалсыздан жасап отырғандарын айтады.

Людмила Дымова

Шұбарсу ауыл округі, Асар массив тұрғыны

// Біз суды ыдысқа құйып тұндырып сосын оны қайнатып пайдаланамыз. Осындағы кез-келгеннің үйіне барып көрсеңіз болады, кәдімгі лайқа су ағады. Жауаптыларға айтсақ әртүрлі жауап қайтарады, біресе су айдау сорғысы істен шыққан дейді. Әрине топырақ суды сүзген сайын істен тез шығады. Оны жөндеуге тағыда ақша жинаймыз. Суды дүкеннен сатып алып ішуден басқа амалымыз жоқ.

Ақысын төлесек те таза суға қол жеткізе алмадық деген жұрт, мәселеміз жоғарыда отырған басшылардың құлағына жетсе дейді. Сонда бәлкім бұл қиындықта шешілер деген үмітте. Ал Шұбарсу ауылдық округінің әкімі Асарлықтардың сапасыз суды көптен бері тұтынып отырмыз деген шағымдарымен келіспейді.

Ануар Тұрсынбаев

Шұбарсу ауыл округінің әкімі

/// Асар массиві мамандарым барып көрді, өзі шілде айында су деңгейінің төмендеуіне байланысты 3-4 күн сондай лайқа су ағады екен, кейін қалпына келгеннен кейін таза су ағады.

 Айман Жабалиева

Шұбарсу ауыл округі, Асар массив тұрғыны

// Жоқ тазармайды. Басында бочканы тазалаймыз, ол 4 күнге жетеді. 4 күнге жетпей қалса тазартып тұндырып ішеміз.

Асар ауылының тұрғыны Шахсана Хайдарбекованың айтуынша екі жылдан бері көрген күндері осы.

 Шахсана Хайдарбекова

Шұбарсу ауыл округі, Асар массив тұрғыны

// Міне балдар осы судан ішіп жатыр екі жылдан бері. Міне мына астындағы судың бәрі осындай, шайқағанда шығады. Барлық суымыздың асты осындай. Осыны тұндырып ішеміз.

Жергілікті басшылардан көңілі қалған қараша халық, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұрайды.

Айман Жабалиева

Шұбарсу ауыл округі, Асар массив тұрғыны

// Біздің ауылға кішкене де болса көз қарасын салса деген едік. Біздің жан ақайымызды тыңдаса екен дейміз. Суымызға сәлде болса көңіл бөлсе екен дейміз, лай су ішіп жатырмыз қәзір. Балаларымыз ауырып жатыр, жөтеліп жатыр. Осы аурудың бәрі судан келіп жатыр бізде. Бізге көмектесіңіздер төбедегі басшыларымызға Өмірзақ Шөкеевке айтатынымыз көмектесіңіз, қол ұшын созыңызшы бізге.Балаларымыз ауырмасын дейміз.

Денсаулығына алаңдаған жұрттың үміті, мәселемізді облыс әкімі шешіп берсе дейді.

 

https://13kz.kz/wp-content/uploads/2020/08/Shubarsu-5m-31s_Whatsapp-1.mp4

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзАсар ауылыАсар массивТаза ауыз суТүркістанТүркістан облысыШұбарсу ауыл округі
Previous Post

Той жасаған тұрғын жауапқа тартылды

Next Post

Күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық қарқынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі