13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық қарқынды

10 августа, 2020
in Қоғам
0
Күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық қарқынды
Share on FacebookShare on Twitter

Отанды қорғау – әрбір азаматтың асыл парызы! Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарында 2020 жылғы күзгі әскери қызметке үміткерлерді алдын ала зерделеу жұмыстары басталды. Бұл процесс бастапқы кезеңде әскерлердің қандай да бір түрлері мен тектерінде әскери қызмет өткеруге дайын әскерге шақырылушылардың сапалық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке даярлау және шақыру – бұл үздіксіз процесс. Жас жігіт 16 жасқа толғаннан кейін оны шақыру учаскелеріне тіркеу басталады. Шақыруды әкімнің орынбасары бастаған шақыру комиссиясы жүзеге асырады, комиссияның құрамы бекітіледі. Комиссияға денсаулық сақтау, ІІМ, білім беру, қоғамдық ұйымдар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кіреді, — деді Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Б.Исаев.

Еске салайық, әскерге шақыру контингентін зерттеу екі кезеңде өтеді. Біріншісі жеке істерді зерделеуді, әскерге шақырылушылармен олардың ата-аналарымен немесе олар тәрбиеленіп жатқан адамдармен жеке әңгімелесу жүргізуді қамтиды, сондай-ақ әскерге шақырылушылар жұмыс істеген немесе оқыған кәсіпорындардан (оқу орындарынан) мінездеме жинау жүзеге асырылады. Одан әрі екінші кезең, практикалық, онда әскерге шақырылушылар аудандық және қалалық медициналық комиссиядан өтеді, содан кейін ҚР Қарулы күштері, ҰҚК Шекара қызметі, Мемлекеттік күзет қызметі және Ұлттық ұлан бөлімдеріне бөлінеді. Психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлерде есепке алудың болуы не болмауы туралы анықтамалар бірінші кезекте зерделенетін болады. Биыл Түркістан облысы бойынша зерделеуге жататын 12 000-ға жуық жас азаматтар бар.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде мерзімді әскери қызметке қабылдау жылына екі рет, көктемде және күзде жүргізіледі. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар әскерге шақыруға жатады.

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті

Tags: 13kz13kz.kzТүркістан облысыәскерге шақыру
Previous Post

«Мал ішпейтін суды ішіп отырмыз». Ауыз судың азабын тартқан жұрт Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұрады

Next Post

Оқушылар қашықтықтан оқу үшін тегін компьютерлерді қалай ала алады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі