13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Той жасаған тұрғын жауапқа тартылды

7 августа, 2020
in Қоғам
0
Той жасаған тұрғын жауапқа тартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданының полицейлері Абай ауылындағы жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде 50-ге жуық туыстарын жинап, «Қыз ұзату» тойын өткізіп жатыр деген хабарлама алысымен мобильдік топпен тез арада көрсетілген мекен-жайға жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде той тоқтатылып, той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша хаттама толтырылған. Ауданда осыған ұқсас тағы бір жайт Біртілек ауылында тіркелді. Онда жергілікті тұрғын карантин режиміне қарамастан өз үйіне 30-ға жуық адам жинап, келін түсіріп, «Беташар» тойын өткізген. Той иесіне қатысты заңға сәйкес әкімшілік шара көрілді. Карантиндік шаралар енгізілгеннен бері Келес ауданының полицейлері рейдтік және профилактикалық іс-шаралар барысында 93 құқықбұзушылықты анықтады, оның ішінде 2 жайты үйлену тойы мен отбасылық жиындарды ұйымдастыру. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша Келес ауданында анықталып, жинақталған материалдар тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберіліп, 49 құқықбұзушы азаматқа қатысты іс қаралып, оларға 2 миллионға жуық айыппұл салынған. Келес аудандық полицейлері Covid-19 коронавирустық инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне орай карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда. Мобильді топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базарлардың иелерімен, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин мен өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын тексеруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкенттік кәсіпкер Президенттен көмек сұрады

Next Post

«Мал ішпейтін суды ішіп отырмыз». Ауыз судың азабын тартқан жұрт Өмірзақ Шөкеевтен көмек сұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі