13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкенттік кәсіпкер Президенттен көмек сұрады

5 августа, 2020
in Қоғам
0
Шымкенттік кәсіпкер Президенттен көмек сұрады
Share on FacebookShare on Twitter

«Green Terra» ЖШС Бекарыс Жолбарысхан қолдан жасап отырған қиындықтарға тап болдық деп дабыл қағып отыр. Бұл туралы oinet.kz хабарлайды. Басты себеп, екі жақтама жасалған келісім шарттың уақытылы орындалмауы. Оңтүстіктен Атырауға барып, адал еңбек етіп, ақшаларын ала алмаған серіктестік ұжымы қазіргі кезде ел Президенті Қ.К.Тоқаевтан көмек көмек сұрауда.

https://www.youtube.com/watch?v=-MP8w_OZaks&feature=youtu.be

Оқырманға түсінікті болуы үшін анық-қанығын жазайық. Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Бұрынғы Азғыр полигон аумағында А-1, А-2,А-3, А-5, А-5 және А-10 алаңдарын қоршау жұмыстарын жүргізу» атауымен өткізілген электрондық конкурс түрінде өткен мемлекеттік сатып алу хаттамасы негізінде «Green Terra» ЖШС жеңімпаз болып танылады. 25 қараша 2016 жылы келісім — шарт, кейін 2016 жылдың 14 желтоқсанында қосымша келісім-шарт жасалып, шарттың жалпы соммасы — 40 155 805 тенге болып бекітілген. Ал орындалу мерзімі 2017 жылдың 31 желтоқсаны деп көрсетілген. -Мердігер — «Green Terra» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқанына қарамастан 2017 жылғы 25 қарашаға дейін тапсырылған жұмыстың 85% шарт талабына сәйкес орындалғанын хабарлап (14.09.2017ж, 28.11.2017ж, 22.12.2017ж, 29.12.2017ж, 05.05.2018ж.) хаттар жолдап, Тапсырыс берушіден тексеру ұйымдастырып, жұмысты қабылдауды сұрадық. Тапсырыс беруші хаттарымызга орай іс — әрекет жасап, обьектінің басына қабылдау комиссиясы баратынын ресми түрде хабарлаған болатын. Сол хабарламаға сенім артып, жұмысты өткізу — қабылдау актілерін т.б. қажетті құжаттарды дайындап 31.12.2017 жылы күтіп отырдық. Алайда, Тапсырыс беруші объектінің алыста орналасқанын (Атырау қаласынан — 600км), техникалық бақылаушылардың жетіспей жатқанын сылтауратып, орындалған жұмысты қабылдауды кейінге қалдырды. Соның салдарынан объекті дер кезінде қабылданбай, қолдан жасалған қиындықтар орын алды. Ауа — райының қолайсыздығына қарамастан нысанда жұмыс процесі тоқтаған жоқ. Өз міндетімізді кешіктірмей, толық көлемде орындау үшін үстеме пайызбен несиелер алынып, 600 км аралықта қажетті материалдар тоқтаусыз жеткіздік. Алайда, Тапсырыс берушінің немқұрайдылығы кәсіпкерді орасан зор   материалдық шығынға ұшыратты. Атап айтқанда, алдын-ала өз есебімізден құйылған мемлекеттік кепілдік — 5 500 000 тенге күйіп кету қаупіне ұшырады. Оның үстіне, объектіде жұмыстың 15.12.2017ж. толық көлемде орындалғанына қарамастан тапсырыс беруші тарапынан орын алған салғырттық салдарынан 27 050 964  көлемінде қаржылай  зардап шегудеміз,  – дейді Б.Сағынбекұлы. Мердігер мекеме басшысының айтуынша, техникалық бақылаушылармен арада келісім-шарт болмағандықтан, олар тапсырыс берушінің бақылауынан тыс өз бетінше әрекет ете алмайды екен. Сондықтан, әлдеқашан жұмысы аяқталған объекті қабылданбай келеді.  Бүгінде Бекарыс Жолбарысхан ел Президенті Қ.К.Тоқаевқа, Жоғары Сот пен ҚР Бас Прократурасына үндеу жасап, көмек сұрауда.  — Сіздердің тараптан сұранарымыз баяндалған мән-жайға байланысты заңды тексеріс ұйымдастырып, сараптық — консультациалық бағалау кәсіпорнының Қорытындысының анықтығын техникалық бақылаудан өткізіп, тиісті шара қолдануды өтінеміз. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету аясында, Сізден Заң шеңберінде оң шешім шығаруыңызды сұраймыз  — дейді кәсіпкер.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Үндістанда бетперде тақпаған ешкі тұтқынға алынды

Next Post

Той жасаған тұрғын жауапқа тартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі