13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БЕЙСЕН ТӘЖІБАЕВ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ

31 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: БЕЙСЕН ТӘЖІБАЕВ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы аумағында құрылысы кешеуілдеген және құрылыс жұмыстарын қажет ететін білім, спорт, мәдениет нысандарының жағдайы назарға алынуда. Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бүгін Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, мәселесі қордаланған нысандарды аралады. Мемлекет тарапынан қолдау көрсету жолдарын талқылап, жоспарларды саралады.
– Өңір басшысы Дархан Сатыбалды білім саласын жаңаша жандандыру, деңгейін көтеру, білім нысандарын талапқа сай ету, материалдық базасын жақсарту жөнінде тапсырма берген болатын. Әрбір нысан сапалы салынып, уақтылы берілуі тиіс. Біздің аудандардағы күрделі нысандарды аралауымыздың мақсаты – мәселесін шешіп, алдағы жұмыстарды жоспарлау. Сала мамандарымен пікір алмасу. Әрбір өтініш пен ұсыныс назарға алынып, тиісті жұмыс жүргізіледі, – деді Бейсен Дәулетұлы.
Сайрам ауданындағы М.Сапарбаев атындағы №14 жалпы орта мектебі 400 оқушыға арналған. Бірақ қазіргі таңда үш аусымда 1231 оқушы білім алуда. 60 жылдай бұрын салынған ғимараттың едендері шіріп, қабырғалары түсуіне байланысты 2019 жылы қосымша 200 орындық оқу корпусы, спорт зал және акт залы, асхана және шеберхана құрылысы қолға алынған. 2023 жылы мектепке қосымша салынған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстары толық аяқталғанымен, қазіргі таңға дейін іске қосылмаған. Себебі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, дренаждық жүйені орнатқанымен жертөледе судың толуы тоқтаған жоқ. Электр жарығы бойынша да олқылық бар. Мердігер кемшілікті толық жоюға уәде етіп, іске кірісті.
«Шаттық» бөбекжайындағы кездесуде де түйткілдер тарқатылды. Аудандағы 27 білім беру мекемесін газбен жылыту жүйесіне өткізу үшін 800 млн. теңге қажеттілігі анықталған. «№6 негізгі орта мектеп интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі де қолдауға мұқтаж. Мектеп-интернатының ғимараты ескі болғандықтан жаңа мектеп салу керек, компьютерлер жеткіліксіз. Қазандықты ауыстыру, жиһаздармен қамту да өзекті. Ал Ақсукент ауылындағы «Қайрат» стадионының ойын алаңын жазғы уақытта сумен қамтамасыз үшін су шығаратын құбыр орналастыру қажет. Ұңғыма орнату үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленген.
Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселелер бақылауға алынғанын айтты. Шешімін табатынын жеткізді. Бірқатары бойынша заң аясында жұмыс жүргізіліп, ұсыныстар берілмек. Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлына нақты тапсырмалар беріліп, әрбір нысанның түйткілі қадағалауға алынды.
Әсіларық ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектептің ғимараты өте нашар. Қабырғалары жарылып, апатты жағдайға түскен. Жергілікті тұрғындар, ата-аналар тарапынан бұл мәселе көтерілген. Облыс әкімінің орынбасары аталған білім ұясының жай-күйі ескеріліп, жөнделетінін айтты. Аталған ауылда 2024 жылы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 600 орындық мектептің құрылысы басталады.
Осы күні Сайрам аудандындағы мектеп және колледж директорларлының қатысуымен мәжіліс өтті. Ұстаздар білім сапасын жақсартуға бағытталған өз ұсыныстарын білдірді. Өзекті мәселелер көтерілді.
Білімнің даму көкжиектерін кеңейту бағытындағы пікірлерді тыңдаған облыс әкімінің орынбасары жиынды қорытындылады. Сабақтан тыс уақытта мемлекет тарапынан қолға алынған спорт, өнер, білім бағытындағы үйірмелерді жандандырып, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды. Жастарға кәсіптік білім беру, жұмыспен қамту керектігіне тоқталды. Жиында айтылған барлық ұсыныс-тілектер мен мәселелердің басты назарда екенін айтып, әкімдік тарапынан тың жобаларды қолдайтынын жеткізді.
Бейсен Дәулетұлы осы сапарында өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмысшы топпен және Сайрам, Түлкібас, Төлеби аудандарының құзырлы және жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен мәжіліске қатысты. Өзекті мәселелер талқыланып, жоспарлар сараланды.
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі