13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

31 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін елімізде 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі бастау алды. Бес күнге созылатын айтулы білім сайысында оқушылар 14 пән бойынша білімдерін таразылайды. Ал, бүгін алғашқы лекте математика пәнінен қатысатын оқушылар бақ сынады. Түркістан қаласында бастау алған олимпиаданың ашылу салтанатында сөз алған қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы олимпиаданың маңызы мен мақсатына тоқталып, білім шыңына бастайтын даңғыл екендігін жеткізді. Ал ата-аналардың атынан сөз алған Жансұлу Сайлауқызы ата-аналар үшін баланың жетістігі қаншалықты маңызды екендігін тілге тиек етіп, жас білімгерлерге сәттілік тіледі.

Айта кетейік, олимпиада екінші жыл қатарынан электронды форматта өткізілуде.Әне-міне дегенше республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі де басталып кетті. Бүгін ұл-қыздар математика, пәні бойынша тест тапсыруда. Талапқа сай, оқушы жанына жақын бір пәнді ғана таңдай алады.Тапсырмаларды орындауға оқушыларға 1 сағат уақыт беріледі. Айта кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында мұндай олимпиада өткен жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Білім бәйгесі 4 кезеңнен тұрады. Олипиада қорытындысына сәйкес қалалық кезеңде жеңген оқушы республикалық турға жолдама алады.

Еске салсақ 2021 жылы Түркістанда тұңғыш рет олимпиада резервін дайындайтын арнайы мектеп-лицейі ашылған-ды. Жаратылыстану-математикалық бағытты қамтитын арнаулы білім ордасында таңдап алынған білікті ұстаздар оқушыларға тереңдетіп білім береді.

Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Ұлы суреткер жазушы М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың бәрі де білімнен келеді. Тәрбиенің негізгі бастауы да – білімде. Сондықтан елімізде оқу орындары мен сапалы мектептерді көптеп бой көтеруі – ел болашағының сенімін одан әрі нығайта түспек. №28 мектеп-лицейінің ерекшелігі – жаратылыстану-математикалық бағытта олимпиада резервін дайындайды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА 5 ЖЫЛДА 481 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: БЕЙСЕН ТӘЖІБАЕВ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі