13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

31 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында қазақ күресінен жастар Түркістан облысының чемпионаты аяқталды. Жас балуандардың боз кілемдегі белдесуіне өңірдегі жас балуандар қатысып, бақтарын сынады. 2003-2004 жылы туған спортшылар белдесіп, 9 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

55 келіде белдескен Розимон Тугушов пен 60 келі салмақтағы жас балуан Наурыз Рысбай алтын медаль иеленді. 72 келі салмақта жеңіске жеткен Думан Рахман мен облысымыздың үміті 66 келі салмақта сынға түскен Саурбай Аманкелді турнир жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар қазақ күресінен талай додаларда топ жаруды мақсат еткен Бексұлтан Құлмырза мен Асылбек Жалғасбек, Нұрлыбек Асенов, Мақсат Махмадхашамұлы, Сардар Абдусамитұлы да жеңістің шыңын бағындырды. Түркістан облысы бойынша қазақ күресінен жастар құрамасының аға бапкері Ерлан Сыздықовтың пікірінше, балуандар жоғары дайындықпен келген. Жүлдегер атанған балуандар ақпан айында Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды.

Еске салсақ, былтыр Түркістан қаласында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогы өткен еді. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Мажарстан балуандары қатысып, өзара мықтыны анықтаған болатын. Балуандар екі топқа бөлініп, жеті салмақ санатында айналмалы жүйеде күрескен-ді. Екі топтан іріктелген Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан құрама командалары жүлделі орындарға таласқан.Ал тартысқа толы күрес бәсекесінің ақтық айқасы Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында өткен. Айтулы доданың ақтық бәсекесінде 4:3 есебімен Қазақстан балуандары жеңіске жетіп, «Turan Barysy» додасының чемпионы атанған.Айта кетсек, 2022 жылы спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Түркістан облысы, Сауран ауданының Оранғай ауылында заманауи көпфункционалды спорт кешені ашылды. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен салынған спорт нысанының жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құрайды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: БЕЙСЕН ТӘЖІБАЕВ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ

Next Post

АЛҒАШ РЕТ ҚОҚЫС СҰРЫПТАЙТЫН КОНТЕЙНЕРЛЕР ОРНАТЫЛУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі