13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТЕРМЕ ОРЫНДАП, ЖЫР МҮШАЙРАСЫНЫҢ КӨРКІН ҚЫЗДЫРДЫ

31 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТЕРМЕ ОРЫНДАП, ЖЫР МҮШАЙРАСЫНЫҢ КӨРКІН ҚЫЗДЫРДЫ
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің тікелей қолдауымен, «Өнер» мектебінің ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі – терме» тақырыбында жас термешілер байқауы өтті. Бабадан балаға мұра болған төл өнерді оқушылардың бойына сіңіру мақсатында өткізілген «Түркістаным –Тұраным» атты жас ақындардың жыр мүшайрасы да тағылымды шараны тартымды ете түсті.
Жүрегі ән-жыр деп соғатын шығармашыл оқушыларға қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова сәттілік тіледі.
«Қазақтың маңдайына біткен адуынды  сөз зергерлерінің жауһар жырлары мен орындалған термелер көрерменге керемет тарту болғаны сөзсіз. Бабада қалған асыл мұрамызды кеңінен насихаттау, жастардың бойына сіңіру баға жетпес байлық. Барлық қатысушы да мақтауға лайықты болғанымен «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, шын үздіктер оза шапсын», деді Оразкүл Шайхықызы.
Өнерлі өрендердің сайысына айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, Түркістан қаласының бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы және де облыстық мәдениет басқармасы «Халық шығармашылығы орталығының» қызметкері Мұрат Жұманов қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен «Текті сөздің төресі – терме» байқауында бас жүлдені «Өнер» мектебінің оқушысы Жасия Байсейіт иеленді. Ал, «Түркістаным – Тұраным» жыр мүшайрасының бас жүлдесіне Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта мектебінің оқушысы Інжу Медеубек қол жеткізді.
Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты — жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.
Халқымыздың өткен тарихында таңды таңға ұрып, тыңдарманын ұйы­тып тыңдатып, құлақ құрышын қандырған термешілер көп болған. Сондықтан қазақ халқы сөздің маржаны мен ойдың тұнығынан та­ғылым тартып, жұртшылықты адалдық пен әділдікке, тазалық пен иман­дылыққа тәрбиелейтін термені «текті сөздің төресі» деп бағалаған. Өнер­дің бұл жанры қазақ халық поэзиясында белгілі бір жүйеге түсіп қалыптасқан әрі өзіндік тыңдарманы бар өлең түрі болып саналады.
Previous Post

Гепатит аурушаңдығының алдын алу

Next Post

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ЖАС ТҮЛЕГІ ITF JUNIORS ДОДАСЫНДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі