13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ЖАС ТҮЛЕГІ ITF JUNIORS ДОДАСЫНДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

31 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ЖАС ТҮЛЕГІ ITF JUNIORS ДОДАСЫНДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Словакияда үлкен теннистен ITF Juniors халықаралық турнирі аяқталды. 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы додада Қазақстанның намысын қорғаған 14 жастағы Заңғар Нұрланұлы жеңімпаз атанды.
Ол сайыстың финалында жергілікті спортшы Даниел Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңді. Ал финалға дейін Словакия, Украина, Германия спортшыларынан басым түскен болатын. Өзінен жасы үлкен спортшыларды да жеңген Заңғардың бұл жетістігін мамандар жоғары бағалап отыр. 4 жасынан бастап теннис ракеткасын қолға ұстаған жас өреннен ел үміт күтеді.
Оңтүстік топырағы қашан да талантты спортшыларға, мықты бапкерлерге кенде болған емес. Сонау Октябрь Жарылғапов, Әбдісалан Нұрмаханов бастаған дара жолды оның ізбасарлары лайықты жалғай алды. Аңыз адамдардың ізін ала өңірімізде бірқатар мықты бапкерлердің шоғыры пайда болды. Олардың қатарына Нұрғали Сафиуллинді, Мырзағали Айтжановты, Марат Файзиевті, Арман Қарсыбаевты жатқызуға болады. Ал біз бүгін әңгімелегелі отырған бапкердің де облыс спортына сіңірген еңбегі аз емес. Серікғани Көшеров өңірде тенниске құмар талай жасты баптап, биік белеске шығарды.
Ол 1966 жылы Созақ ауданында дүниеге келген. 1989 жылы Шымкент педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетін тәмамдаған. Республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері атанған. Бапкерлік қызметке кіріскеніне биыл 27 жыл болыпты.
Осы уақытқа дейін 90 шәкірті жоғары санатқа қол жеткізсе, 27-сі ересектер арасында бірінші санатқа дейін жеткен. Серікғани ағамыздан тәлім терген 12 спортшы ҚР спорт шеберлігіне үміткер, біреуі спорт шебері атанған. Серікғани Көшеров қазір де Түркістан облысында теннистен аға жаттықтырушы қызметінде. Жақында облыс орталығынан үлкен тенниске арналған корт салынып, үйірме жұмысы жанданды. Енді өңіріміздегі тенниске құмартатын жастардың екінші тынысы ашылады десек те болады. Оның үстіне қазір жасөспірімдер арасында үздік нәтиже көрсетіп жүрген балғын теннисші Заңғар Нұрланұлы – осы Серікғани ағамыздың шәкірті.
Заңғар біршама уақыттан бері жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр. Ел біріншілігі мен кубогінде топ жарып үлгерген. Сонымен қатар біздің құрама өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алған-ды. Осы жетістіктердің басында Серікғани ағамыздың бапкерлік шеберлігі тұр десек қателеспейміз.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТЕРМЕ ОРЫНДАП, ЖЫР МҮШАЙРАСЫНЫҢ КӨРКІН ҚЫЗДЫРДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА 5 ЖЫЛДА 481 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі