13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Гепатит аурушаңдығының алдын алу

31 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Гепатит аурушаңдығының алдын алу
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Вирустық гепатит жалпы клиникалық белгілері бойынша  жіті және созылмалы болып бөлінеді. Созылмалы вирусты гепатит дегеніміз 6 айдан және одан да көп уақытқа  созылатын   бауырдың қабынуы.  Жіті вирусты гепатитті уақытында емдемесе, созылмалы гепатитке айналады. Жалпы гепатиттің  А, В, С, Д, Е деген 5 түрі болады.  Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. А және Е вирусты гепатиті ішек инфекцияларынан  Е гепатиті қауіпті саналса, парентеральды В, С, Д гепатиттері ауыр асқынуларға жалғасу қауіптілігімен ерекшеленеді.

Гепатиттің  А және E типтері эпидемиялық таралуға, ал  В, С, D вирустық гепатит аурудың өршуіне әкелетін әлеуетіне байланысты үлкен проблема болып табылады. А және Е түрлері  ластанған суды немесе тағамдарды қолданудан, тұрмыстық жағдай қатынастарында пайда болады. В, С және D гепатиті ағзаны жұқтырғыш сұйықтықтарымен парентеральды байланыс нәтижесінде дамиды. В, С гепатиттік вирустардың кең таралған жұқтыру жолдарына вирусы бар  қанды құю, ластанған жабдықты қолданып инвазивті медициналық процедуралар және В гепатитіне қатысты босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, сондай-ақ жыныстық қатынас  арқылы  жұғулар жатады. Сондай-ақ вирус тасымалдаушымен тығыз байланыста болу негізгі жұқтыру жолдарының бірі болып табылады.

А вирустық гепатитті жұқтырудың жасырын (инкубациялық) кезеңі             7-50 күн, орташа 35 күн болса, парентеральды гепатиттердің  инкубациялық кезеңі 6 айға дейін созылады.

Созылмалы вирустық гепатит біраз уақытқа дейін клиникалық түрде адамға білінбеуі мүмкін.

Вирусты гепатиттің белгілері;

• бауыр көлемінің ұлғаюы;
• іштің ауырлығы немесе жайсыздық (бауыр орналасқан оң жақта);
• оң жақ қабырға астының сыздап ауыруы, майлы тағамның жақпауы және т.б.;
• әлсіреу, шаршау;
• тәбеттің болмауы, жүрек айну;
• үлкен дәрет түсінің өзгеруі (ашық бола бастайды);
• терінің және көз ағының сарғыштануы (сары ауру).

Аталған белгілер  байқалған  жағдайда  бірден медицина мамандарына қаралу қажет.

Аурудың алдын алу үшін;  Гепатитке қарсы вакцина салдыру!  

Иммундау шараларының арқасында  жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалауға  мүмкіндік бар. Қазіргі таңда  A және B гепатитіне қарсы вакциналар бар.  В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге шығарылмаған.    

Түркістан облысының СЭБД басшысы Н.Нышанов

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТЕРМЕ ОРЫНДАП, ЖЫР МҮШАЙРАСЫНЫҢ КӨРКІН ҚЫЗДЫРДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі