13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС – НӘТИЖЕЛІЛІКТІҢ КЕПІЛІ » СЕМИНАРЫ ӨТТІ

30 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС – НӘТИЖЕЛІЛІКТІҢ КЕПІЛІ » СЕМИНАРЫ ӨТТІ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ә.Бектаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС – НӘТИЖЕЛІЛІКТІҢ КЕПІЛІ » тақырыбында аудандық тәжірибелік семинары болып өтті.

Семинардың мақсаты тиімді кері байланыс құралдары арқылы оқу мақсатының нәтижелілігін қамтамасыз ету. Мектеп директоры А.Оспанов пен әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Шерова семинардың бағдарламасымен таныстырып, семинарды ашып берді.

Семинар басында әдебиеттік оқу, қазақ әдебиеті, математика, биология, химия, физика, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен ашық сабақтар өткізілді. Ашық сабақтар түрлі цифрлық білім беру ресурстары қолданылып, жоғары деңгейде өтті.

Кері байланыс оқушының оқы­ту үрдісі қалай өткені және қан­дай нәтижеге қол жет­кіз­ген­­д­ігі туралы ой-пікірін тыңдауға не­гізделеді. Кері байланыс са­бақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тап­сыр­­маларының соңында жүр­гі­зі­л­іп отыруы керек. Рефлексия мақ­сат­ы – еске түсіру, өзінің сабақ ба­рысындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің ше­шу жолдарын іздестіру. Мұ­ға­лім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қа­да­мын, ендігі іс-әрекетін қа­лай жақсартуға болатынын ал­дын ала біледі. Сонымен қатар, ке­рі байланыс парағы арқылы оқу­шының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін ке­дергілерді айқындап, келесі оқы­ту­ға бұдан да жақсырақ дайын­да­луы­на түрткі болады.

Атап айтқанда «Bilimland», «Plickers», «Word wall», «Padlet», «Quizziz», «Kahoot» сияқты платформалары белсенді әдіс-тәсілдермен үйлесім тауып, білім алушылар сабақтың оқу мақсатына жеткендігі кері байланыста көрініс тапты. Семинарға келген оқу орынбасарлары ашық сабақ өткізген ұстаздардың қолданған белсенді әдіс-тәсілдері мен цифрлық білім беру ресурстарының ұтымды болғанын атап өтті.
Аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Шерова өтілген ашық сабақтар мен шебер сыныпқа кері байланыс беріп, өзінің әдістемелік ұсынымдарымен бөлісті. Сөз соңында А.Шерова мектеп ұжымы мен басшылығына өз алғысын білдіріп, семинардың жоғары деңгейде өткендігін атап өтті.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ «АБАЙТАНУ» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

Түркістан өңірінде Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша зерттеулер жүргізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі