Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына байланысты, Түркістан облысының қоғамдық-саяси архивінде Желтоқсан оқиғасына қатысушы атты 170, қорда 60, 65, 41-1 баптармен 10 сотталған азаматтың, 35-тен аса қатысушылардың құжаттары жинақталып, архив қоры негізінде бейнефильм жасалды, оны көрермендердің біразы көріп үлгерді. Қазір де жұмыстар жалғасып жатыр. Жалпы, Түркістан облысынан 1986 жылғы оқиғаға 244 жерлесіміз қатысқан деген мәлімет бар. Алайда бұл әлі нақты мәлімет емес нақты емес. Алдағы уақытта сала жауаптылары құжаттарын архивке жинақтау арқылы анықтауды жоспарлап отыр. Былтыр облыс әкімінің бастамасымен Желтоқсан құрбандарына арнап ауқымды іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ, аз қамтылған желтоқсан оқиғасына қатысқан отбасыларға бір реттік әлеуметтік көмек пен шипажайларға жолдамалар берілді. Ал «Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары және фашист концлагерінің узниктері» топтамасынан 56 сақтау бірлігі қаралып, 15 әскери тұтқын анықталды. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы шет елдерден әкелінген қазақстандық әскери тұтқындардың құжаттары» топтамасынан 10 сақтау бірлігі қаралып, 15 әскери тұтқын анықталды.
Бұдан бөлек, ТОҚСТМА қорларынан бай, орташа, кулак ретінде мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылған 1698 адам тізімге алынды, әскери тұтқындар 30, Бостандық көтерілісіне қатысқан 32 адамның тізімі анықталды. Оңтүстіктен Тәжікстанға ауа көшкендердің болжамды саны 55-60 мың шамасында, Тәжікстан арқылы Ауғанстанға өткен қазақтардың саны 5-7 мың шамасында деген болжамды саны анықталды. Осы бағытта Өзбекстанға ауа көшушілер саны анықталуда және олар да ақтауға ұсынылады. Бұл цифр алдағы уақытта толығатын болады. Өйткені, архив қорлары толық өңделіп біткен жоқ. Құпиялығы алынбаған қорлардың мәліметтері енгізілген жоқ. 2021-2022 жылы архивтердегі ғылыми-іздестіру жұмыстары 2460 құжат қаралды. Комиссия жұмысына тартылған және ғылыми іздену жұмыстарымен 11 ізденуші ғалым тұрақты түрде жұмыс істеп келеді.
Мамандар саяси қуғынға ұшыраған, жер ауған, мүлкі тәркіленген бай кулактар, көтерілістерге қатысқандардың ұрпақтарымен кездесіп видеоға түсіріп жинақтап жатыр. Бұдан бөлек, өңірлік комиссияның және жұмыс топтардың өз отырыстарын, сарапшылармен, өлкетанушылармен, зерттеушілермен, еріктілермен, келушілермен және т. б. зум-кеңестер мен кездесулер өткізуі үшін әкімдіктегі Басқармалар үйі ғимаратынан ұйымдастыру техникасымен тұрақты жабдықталған шағын зал қарастырылды. Өңірде аудан және қала тұрғындарымен тікелей байланыс орнату мақсатында облыстың жауапты басқармалары мен аудан, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары бекітілді. Аталған мамандардың тізімі, байланыс телефондары облыстық газеттерде әрі ресми сайттарда жарияланды.
Есте болса, 2021 жылы 3 желтоқсанда Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «ХХ ғасырдың 20-50 жылдары Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: себептері мен салдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға жұмысшы топ мүшелерінің тақырыпқа қатысты жүргізген жұмыстарының нәтижелерін баяндаған 22 мақаласы талқыға салынды және жинақ етіп дайындалды. Сонымен қатар, жергілікті «Түркістан» арнасындағы «Тағылым», «Айғақ» телеарнасындағы «Тарих толқыны», «Ел-НҰР» телеарнасындағы «Арнайы репортаж» бағдарламалары шеңберінде бағдарламалардың арнайы шығарылымы ұйымдастырылды. Жалпы БАҚ көздеріне 162 материал жарияланды. Оның ішінде 17-і баспа БАҚ, 9-ы электронды БАҚ, 15-і ақпараттық сайтта, 121 материал фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланған.