13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ «АБАЙТАНУ» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

30 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ «АБАЙТАНУ» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» және Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинеттің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері А. Калдыбаеваның ұйымдастыруымен Облыстық «Абайтану» олимпиадасының аудандық кезеңі Е.Тасанбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілді.

Ұлы ақын­ның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің ал­тын қазығына айналдыруды көздеген олимпиаданың не­­­гізгі мақсаты М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопея­сын толық меңгеру арқылы ке­­­мең­гердің ақындық болмы­сына үңілуге, Абайдың шығар­ма­шы­­лық өмі­рінен ғибрат алып, өмірде қол­дана алуға жол сіл­теу зияткерлік және шы­ғар­­ма­шы­лық қабілеттерін да­мытуға бағытталған.

Олимпиаданың негізгі мін­деті – Абай өлеңдерінің мән-ма­ңызы мен қадір-қасие­тін түсінуге бейімдеу, хакім қара сөздерінің тәрбиелік-тағылымдық маңызын меңгеру, Абайша ойлауға ұм­тылу, сөйлеу мәдениетін үйре­нуге, тіл тазалығын сақтауға дағ­дылану және күнделікті өмірде қолдану.

Олимпиада екі айналымда өтті. Бірінші айналымда қа­тысушы Абай қара сөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазса, екінші айналымда қатысушы М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан берілген үзіндінің қай тарау, бөлімнен алынғанын айтып, мазмұнын жалғастырды және роман мазмұнынан «сократтық» сұрақтар беріліп, логикалық дең­гейі тексерілді. Сондай-ақ Абай шығармашылығы бойынша да­йындалған тапсырмаларға жауап берді. Оның ішінде өлең­нің адам өміріндегі орнын, ақын­ның шығармашылықтағы мақсатын Абай өлеңдерімен дәлелдеді. Ал Абай поэзиясын қалай меңгергенін байқау ба­­­рысында ақын өлеңдерінің құрылысындағы ерекшеліктерді анықтап, қазақ поэзиясына қосқан жаңалығын дәлелдеді. Сонымен бірге Абай іліміне оқушы өз көзқарасын білдірді. Мысалы, Абай айтқан «бес асыл істің» бүгінгі өзектілігі тура­лы, хакімнің халқына қан­дай жол ұсынғаны туралы өз ой-пікірлерін айтты. Және абай­танушылар жайлы жалпы білі­мін көрсетіп, «Абай жолы» ро­­манынан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауаттылығын көрсетті.

Аудан көлемінде 9-10-11 сынып оқушылары арасында өткен бұл байқауға жалпы саны 127оқушы бақтарын сынады.

Олимпиаданың негізгі мақсаты — Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу, қара сөздерін оқыту арқылы көкірегі ояу, көзі ашық жас шәкірттерді тәрбиелеу болып табылды.
Аудандық кезеңнен жеңімпаз болған 9-сыныптан М. Әуезов атындағы жоббм Абдужаппар Сымбат, 10- сыныптан «Болашақ» м\г Оразалы Сымбат, 11- сыныптан «Қақпақ» жоббм Сейсен Айымжан атты оқушылар облысқа І орынмен жолдама алды.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТТА "ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС – НӘТИЖЕЛІЛІКТІҢ КЕПІЛІ » СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі