13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА «ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

30 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚАЗЫҒҰРТТА «ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы мен Павлодар облысының екіжақты жасалған меморандум аясында Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қызылата» жалпы орта білім беру мектебі мен Павлодар облысы Шарбақты ауданы Абай Құнанбаев мектептері арасында «Үлгермеушіліктің алдын алу» атты тақырыпта «Қызылата»жалпы орта білім беру мектебінде онлайн семинар өткізілді.

Адами әлеуеттідамыту бөлімі тарапынан әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Шерова zoom платформасы арқылы семинарға тікелей қатысып отырды. «Қызылата» жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімдері Қуатбекова Салтанат пен Әлменова Гүлзинат ашық сабақтар өтіп, соңынан екі жақ кері байланыс жасап, семинарды қорытындылады.

Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады.Оның алдын алуға әбден болады.Оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуында. Үлгермеушіліктің негізгі мыналар;

-жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды толық түсіндіре алмауы,бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы,мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;
-мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы;
-тәрбие жұмысындағы олқылықтар оқушылардың тәртібінің төмендігі,өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі,мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушларға уақытылы және тиісті шара қолданбауы;
-бағалаудағы біржақтылық ;

-оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;

-сабақ босату,оқушының ауырып қалуы;

Оқу- тәрбие ісі меңгерушісініңбұл істегі атқаратын міндеті қандай? Енді аз-кем соған тоқтала кетейін.Ең алдымен,меңгеруші мұғалім мен сынып жетекшісінің жұмысымен танысу керек(үлгермеу себептерін айқндау,біліміндегі олқылықтардың сипаты).Оқушылардың үлгермеушілігінің себептерін зерттеу мақсатындағы мектепте педагогикалық дөңгелек үстелдер,семинар,тренингтер өткізілуі тиіс.Олардың тақырыптары;»нашар үлгеретін және үлгермеитін оқушыларға білім беру үрдісін белсендету», «Үлгермеушілікті болдырмау және алдын алу жөніндегі ұстаздар қауымының іс-әрекеті». Бұл шараларда оқушыны зерттеудің жалпы бағдарламасы қарастырылып,пікірлер тыңдалып,үлгермеушілік себептерінің айқындалуы және жеке оқушыны оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру шаралары қарастырылу қажет.Бұл жұмыстар оқушы үлгермеушілігінің себептерін білуге,алдын алуға бағыт береді,көмектеседі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Next Post

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ «АБАЙТАНУ» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі