13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАСТАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ БАУЛИТЫН «АРАЙ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАСТАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ БАУЛИТЫН «АРАЙ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде аудандағы күрделі жөндеуден өткізілген мәдениет үйінде алғаш болып аудандық «Арай» байқауы өткізілді. Жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, өнерпаздарға сәттілік тіледі.
«Биылғы өтіп жатқан байқаудың орны ерекше. Аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткеннен кейін алғаш байқаумен бастауының да өзіндік мәні бар. Облыс аумағында шын шеберлер шеберханасы атанған ауданымыз көркем өнерпаздарының қатарын толықтырар шынайы дарабоздарға сенім арта отырып, өнерлі жастарымыз топ жарарына сенім артамын», — деді аудан әкімі.Жастарды отансүйгіштікке баулитын байқауда қатысушылар шеберліктерін көрсетіп, жаңа эстрадалық әндерді шырқады. Түрлі іс-шараларды жүргізу қабілеттерін байқатты.

Алдымен, байқау тарихына тоқталсақ. «Ақкөгершін» деген атпен 1993 жылы басталған байқау 1995 жылдан бері «Арай» деп аталып келеді. Басты мақсат — жастарды отансүйгіштікке баулып, ұлттық рухты тәрбиелеп, эстрадалық ән орындау өнерін дамыту. Сонымен қатар, жаңа эстрадалық әндерді халық арасында кеңінен насихаттап жас талант иелерін және мәдени іс-шара жүргізушілерін анықтау. Бұл байқаудан түлеп ұшқан жас әншілер — бүгінде елімізге танымал өнер майталмандары мен эстрада жұлдыздары. Олардың арасында Бауыржан Исаев, Алтынай Жорабаева, Мадина Сәдуақасова, Асқар Жүнісбеков, Қайрат Түнтеков, «Жігіттер» квартеті сынды әншілер шоғыры бар. Ұлттық рухта тәрбиелеп, отансүйгіштікке баулитын тұрақты өнер байқауында үміткерлер бағын сынап көрді.

Байқау 3 кезеңнен тұрады. Мәдени іс-шара жүргізушілері арасындағы сында тіл тазалығына баса назар аударылады. Ал, әншілер үшін берілетін талаптар аса қиын емес. Тек дауыс ырғағы мен диапазоны кең әнді нақышына келтіріп, орындаса болғаны.

Сайыс нәтижесінде эстрадалық әншілер арасында бас жүлдені Жылға ауылдық округінің тұрғыны Ернұр Лес иеленсе, бірінші орынды Ақтөре Құрбанбек жеңіп алды. Жүлделі екінші орынды Досымхан Баймұханов, үшінші орынды Жадыра Накипова мен Нұркелді Леспек иемденді. Ал мәдени іс-шара жүргізушілері арасында бас жүлдені Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны Индира Раван-Нахчивани иеленді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 19 КӨШЕГЕ АЯҚЖОЛ САЛЫНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі