13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 19 КӨШЕГЕ АЯҚЖОЛ САЛЫНДЫ

30 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 19 КӨШЕГЕ АЯҚЖОЛ САЛЫНДЫ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков сектор тұрғындарымен кездесуде. Осы орайда қала әкімі “Ұы Дала Елі орталығында” “Шауғар” секторының тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдады.

Жиында қала әкімі 2022 жылы секторда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, келер жылдың жоспарын таныстырды. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес “Шауғар” секторында 58,1 шақырымды құрайтын 43 көшеге тас төселген. Ал 9,31 шақырым құрайтын 7 көшеге (Хамза, Шайхантаур, М.Орынбетов, Меркі, Меркі – Шәуілдір тас жолы аралығы) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда қаладағы 156,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге жарықтандыру жүйесін орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, 20,5 шақырымды құрайтын 19 көшеде (Ыбыраев, М.Мақатаев, Сүйінші батыр, А.Тұтқабаев, Ж.Майкотов – Көкбайрақ аралығындағы жол, Байтасов, Н.Төреқұлов, Ш.Уәлиханов, С.Малдыбеков, К.Мұңайтпасов, Ататүрік – Қазыбеков және т.б.) аяқжол салынды.

Бұдан бөлек, «Шауғар» мөлтек ауданын сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары 3 кезеңге бөлінген. Қазіргі таңда, 1-кезеңнің 105 шақырым кәріз желісімен қамтамасыз етіліп, құрылыс жұмыстары 43%-ға аяқталған. 2-кезең бойынша республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылып, 3-кезеңнің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Сондай-ақ, «Шауғар» секторында 101 шақырымды құрайтын ескірген ауыз су құбырлары жаңартылып, метал құбырлары арқылы жүргізілген су желілерін полиэтилен құбырларына ауыстырылуда. Қазіргі уақытта жоба 44%-ға орындалды. «Шауғар» тұрғын алқабындағы ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылып, «Бақ-Береке» ЖШС-гі наурыз айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Кездесу барысында сектор тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу, тұрғын үйлерге табиғи газ кіргізу секілді мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды.
Қала әкімі айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатындығын айтты.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАСТАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ БАУЛИТЫН «АРАЙ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі