13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

30 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тараз қаласында Таеквандо федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған А санаттағы халықаралық турнир өтуде. Оған өзге облыстар мен шет мемлекеттерден келген 800 спортшы қатысуда. Барлығы 18 аймақ пен көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген оғландар өзара шеберлік байқасқан турнир ақпанның 26-шы жұлдызында аяқталады. Жарыста көршілес мемлекеттерден және еліміздің барлық өңірлерінен келген 800 спортшы бақ сынасуда.

Халықаралық аламанда Сауран ауданы, Амангелді жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Боранбай Жаннұр алғашқы жүлдені еншілеп, ел мерейін үстем етті. Спортшы Қазақстан Республикасының Таеквандо (WT) федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған А санатындағы халықаралық турнирде жастар арасында 59 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді. Барлығы 18 аймақ пен көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген оғландар өзара шеберлік сынасқан турнир ақпанның соңында аяқталмақ.

Бексейіт Түлкиев Қазақстан Республикасы таэквонда федерациясының тұңғыш президенті. Ол елімізге спорттың осы түрін әкелген Мұстафа Шоқайдың шәкірттерінің бірі. Спортшы өмірінің аз ғана ғұмырында талай қазақ баласын бұқаралық спортқа баулып, оларды әлемдік ареналарға шығарды. Сондықтан ердің есімі ешқашан ұмытылмақ емес.

Бексейіт Түлкиев 1991 жылы Қазақстан таеквондо федерациясының құрылуына атсалысып, өзі алғашқы президенті атанды, қара дан иесі (V дан).Бексейіт Түлкиев «жігітке жеті өнер де аздық етеді» дегендей, қос өнердің тізгінін ұстады. Суретшілікпен спортты тығыз байланыстыра отырып, Мәскеуде сурет мамандығын оқып жүріп-ақ шығыс жекпе-жегінің қыры мен сырын меңгеруді қолына алды. Ол спортқа деген құштарлығын өмірінің соңына дейін күнделікті өмірінен тыс қоймады. Талпыныс пен талаптың арқасында тэквондо саласында ерекше табыстарға қол жеткізді. Осы барыста ол тэквондодан алты дан иегері болып, қазақ елінің даңқын асқақтатты. Тэквондоның тамыры тереңде жатса да, Қазақстанда ресми түрде жекпе-жектің бұл түрі кейінірек 1991 жылы Мұстафа мен Бексейіт іргесін қалаған шығыс жекпе-жегі өрісін кеңейтіп, ізбасарлары әлемдік аренада атой салып жүр. Осы жас федерациясының призиденті болып 1991-1998 жылдары аралығында қызмет атқарды. 1995 жылы әскери қызметкерлер арасындағы жетінші әлем чемпионатында Қазақстандық тэквондошылар командалық екінші орынға алғаш рет қол жеткізді. Жерлестеріміздің еншісінде бір күміс және екі қола медалі бар. Қазір Қазақстанда тэквондомен 20 мыңнан астам спортшы айналысады. Күн санап бұл спорт түрімен айналысатындардың саны артып келеді. Бұл жаңа жеңістер мүмкіндіктерінің артып, жас ұрпақтың ақаусыз сау, денелі өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Previous Post

ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАСТАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ БАУЛИТЫН «АРАЙ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі