13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

30 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында Қазақстан-Өзбекстан шекарасы бойынан «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жоспарланып отыр. Аталған орталықты «Атамекен» кеден бекеті мен «Сырдария» кеден бекетінің маңынан құруға ұсыныстар берілген болатын. ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, орталықты құруға таңдалған жер телімдерімен танысты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы көліктік инфрақұрылымның жай-күйі туралы баяндап, жоспарлармен таныстырды.

Аудан әкімі Бақыт Асанов «Атамекен» кедендік бекетінің маңындағы 50 гектар жер туралы айтып өтіп, аталған жерге электр, газ, ауыз су жүйелерін жеткізу бойынша да баяндады. Сонымен қатар көліктік инфрақұрылымның жай-күйі, туындап жатқан мәселелер жайлы да кеңінен мәлімдеді. «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын «Сырдария» шекара өткізу бекетінен құру ыңғайлырақ екенін түсіндірді. Өйткені, бұл жерден М-39 «Ташкент-Термез» халықаралық автомобиль жолы өтеді сондай-ақ тиісті инфрақұрылымдарды тарта отырып өнеркәсіптік және сауда-саттық орындарын ашуға, жаңа жұмыс орындарын көбейтуге жол ашылмақ.

Вице-министрге 2023-2024 жылдары жоспарланып отырған «Атамекен» кеден бекетін модернизациялауға жұмсалатын қаржыны «Сырдария» кеден бекетіне бағыттау, «Мақтаарал-Дарбаза» темір жолын Атамекен кеден бекетінен «Сырдария» шекара өткізу бекетіне дейін тартуға ықпал ету жөнінде ұсыныс берілді.
Жиын соңында вице-министр жағдаймен толық танысып, аладғы уақытта айтылған ұсыныстарды сараптайтынын жеткізді. Сондай-ақ аудандағы темір жол жүйесінің жай-күйімен танысып, инфрақұрылымды жақсартуға қолдау болатынын жеткізді. Жергілікті атқарушы органдарға осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу тапсырылды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысы бойынша іс - сапар ұйымдастырылды

Next Post

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ ОҚУШЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі