13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысы бойынша іс — сапар ұйымдастырылды

29 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысы бойынша іс — сапар ұйымдастырылды
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыс жүйелі іске асуда. Еске салсақ, осыған дейін Алматы қаласындағы Президенттің архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Жетісай және Кентау өңірлік мемлекеттік архивтері, Келес аудандық мемлекеттік архиві, Тәжікстан Республикасының архивтері, Өзбекстан Республикасының кітапханалары мен қуғын-сүргін құрбандары (Қатоған қурбонлори) музейіне іс-сапарлар ұйымдастырылды. Өңірлік комиссиялардың ғылыми және баспа қызметі былтыр БҒМ тізбесіндегі журналдарға 1 мақала жариялады, 2 мақала ұсынды. Барлығы 7 жинақ, 2 монография дайындалған. Бұдан бөлек, «Түркістан өңірін түлеткен тарихи тұлғалар» деген бір жинақ жарық көрген.
Сондай-ақ, 1930-1933 жылдардағы ашаршылыққа қатысты құжаттар және мақалалар жинағы, Бостандық және Созақ аудандары және басқа да көтерілістердің, кәмпескеленген бай-кулактарды жер аударуға қатысты архивтік құжаттары мен мақалалар, мемлекеттік террор мен қуғын-сүргіннен туған жерін тастап, Қазақстаннан тыс жерлерге (Өзбекстан, Тәжікстан) ауа көшкендердің құжаттар жинағы, Алаш қозғалысы және шаруаларға қарсы күшейтілген саяси науқандардың құрбандарына қатысты архив құжаттары, Кеңес өкіметінің дін саясаты бойынша өңірде қалай іске асқандығы туралы талдауы мен діни себептермен қуғындалғандардың құжаттары, өңірге депортацияланғандардың тізімі және оларға жасалған күштеу шараларына қатысты құжаттарды жинадық. Айта кетейін, қордың материалдары құпиясыздандырылмағандықтан жоба күйінде ғана жасалды.

Зерттеу барысында ашылған фактілер бар. Мәселен, жоспарға сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін РСФСР-дің 1926 жылғы Қылмыстық кодекстің 58, 59, 61, 62, 63, 159, 180, 69, 73, 79, 82, 95, 105, 107, 108, 110, 111-баптары бойынша Түркістан облысы мемлекеттік архивіндегі жабық және ашық қорлардағы құжаттарды талдау арқылы сотталғандарды ақтауға ұсыну үшін тізім жасалды. Бүгінде жүргізілген зерттеу жұмыстары негізінде жалпы саны 1643 адам тізімге алынды. Оның ішінде жекелеген баптармен қанша азаматтың қандай баппен қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы жөнінде тағы да қосымша тізім жасалуда.

Сонымен бірге, еліміздегі бас прокуратурадағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы архиві мемлекеттік құпиялығы алынбаған қор құпиясыздандыруға дайындалды, материалдары талдаудан өтті. «Түркістан облысы бойынша соттар әкімшісі» РММ-нің 14.09.2021 жылғы №5199-21-5-16/35 санды хатына сәйкес, ТОМА қорларынан 1934-1939 жылдардың құжаттарынан 630 іс қаралды. Нәтижесінде 58, 59-баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 167 азаматтың аты-жөні тізімге алынды. Қазіргі таңда табылған азаматтарды ақтауға ұсыну үшін мекеме тарапынан құжаттар құпиясыздандыруға дайындалды. Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасы архивінің 9-қорында сақталған өлкемізге депортацияланған әрі мақсатты түрде қоныстандырылған 36151 азаматтың жеке құжаттары деректер базасына енгізілді.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: "ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Next Post

ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі