13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

29 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

XXI ғасыр білім мен техниканың қарыштап дамыған заманы ғана емес,өзгерістер кезеңі болып тұр.Соған сай балаларды қалыптастыру жолында білім беру саласының ұдайы өзгеріп отыруы-заңдылық.Осыған орай,«El Umiti» бастамасы аясында «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры жүзеге асырып келе жатқан «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысып, жүлдегер атанған 10 оқушыны Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Кадырбек Ержан Изтайұлы қабылдап, «Елбасы медалін» табыстады.
Өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға бағытталған жобаға Түлкібас ауданынан қатысқан шәкірттеріміз жақсы нәтиже көрсетіп, 1 күміс, 9 қола медаль иегері атанды. Бөлім басшысы дарындылығымен танылған оқушыларымызды құттықтап, сәттілік тілей отырып, білімдерін шыңдап, әлі де биік белестерді бағындырады деген сенім білдірді.

«Елбасы медалі» — жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.Жалпы «Елбасы Медалі» жобасының басты мақсаты өскелең жас ұрпақтың қоғам мен мемлекет өміріне белсене ат салысуына, өз қабілеттерін ашуға көмектесу болып табылады.

Иә, «Елбасы медалі» бағдарламасы жеті бағыттан тұрады. Атап айтқанда, спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, саяхат. Қатысушылар 6 айдан 18 айға дейін өзі таңдаған сала бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.Жоба авторының айтуынша, аталған медаль иегерлері жоғары оқу орындарына білім гранттарын тағайындау кезінде артықшылыққа ие болады. Яғни талапкерлердің ҰБТ балдары тең болған жағдайда «Елбасы медалінің» иегеріне басымдық беріледі.

«Елбасы медалі» бағдарламасы – бұл білімді жетілдіруге және тұлғалық өсуге бағытталған бірегей жоба. Жоба қатысушылардың талантын ашуға көмектеседі, олар білімге ұмтылады, қоғам өміріне белсенді қатысады, болашақта өмірде пайдалы болатын тәжірибе жинайды. Қазіргі уақытта «Елбасы медалі» бағдарламасына 20 000-нан астам адам қатысты. Оның ішінде 83% – мектеп оқушылары, 11% – студенттер, 6% – жұмыс істейтін жастар, 24%-ы – ауылдық жерден келген қатысушылар.Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ II АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысы бойынша іс - сапар ұйымдастырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі