13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ II АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

29 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ II АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңі 2023 жылдың 30 қаңтарынан 3 ақпанына дейін М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының базасында өтеді. Олимпиадаға жалпы білім беретін пәндер бойынша іріктеуден өткен 9,10,11-сынып оқушылары қатысады. Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру болып табылады.
Олимпиада 13 пән бойынша өткізіледі:
-жаратылыстану-математикалық бағыт — математика, физика, химия, биология, география, информатика;
— қоғамдық-гуманитарлық бағыт — қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі.
Олимпиаданың екінші аудандық кезеңі классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде, өткізу кестесіне сәйкес, бір турда өткізіледі. Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде веб-камера, фотофиксациямен прокторинг сервисін пайдалана отырып, әр минут сайын суретке түсіру арқылы электрондық форматта өткізілетін болады. Оған Түлкібас ауданының барлық білім беру ұйымдарынан 481 оқушы қатысады.Атап айтсақ: 229 оқушы – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша; 252 оқушы – қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша.Сондай-ақ олимпиаданың өткізу процесі YouTube каналы арқылы тікелей эфирмен қамтамасыз етіледі.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: "ЕҢ ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН СЫНЫП" БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮЛКІБАС: "ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ" ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі