13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: «ЕҢ ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН СЫНЫП» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

29 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: «ЕҢ ҮЗДІК КІТАП ОҚИТЫН СЫНЫП» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
132
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Ең үздік кітап оқитын сынып» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: оқушыларды білімділікке үйрету, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге баулу. Қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының өмірі мен шығармаларын таныстыру, жас оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. «Ең үздік кітап оқитын сынып» атты білім сайысын өткізіп, қазынаның асылы, өмірдің шырағын жағар құнды мұра- кітапты қызыға оқуға бағыттау.
Байқаудың барысында «Жақсы кітап-жан азығы»(оқыған кітаптарын жарнамалау) бағыты бойынша да жұмыстар жүргізілді. Байқау 5 «ә», «б», «в», «г», «ғ» сынып оқушылары аралығында өтті. Байқауды өткізілу туралы бір ай бұрын хабарлама жасалды. Оқушылар кітаптың қысқаша мазмұнын және алған әсерін айтып, өздерінің сыныптастарына өз кітаптарын ұсынады.
Аталған іс-шараға Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Турғынбаев Махан Жаппарұлы мен Жақыпбекова Ремида Тұрғанбекқызы және ата-аналар, мектеп директоры мен ұстаздар қатысты. Кеш барысында қонақтарымыз оқырмандарға ізгі тілектерін білдіре отырып, мектеп кітапханасының қорына сан түрлі кітаптарын сыйға тартты.
Ал байқауға қатысқан мектеп оқушылары «Білімді оқырман «, «Ең үздік кітап оқитын сынып «, «Үздік оқырман» сынды номинациямен марапатталды және әр сынып қорына неше түрлі балалар әдебиеті кітаптары сыйға тарту етілді.
Сыйға тартылған кітаптар әр сыныптың кітапхана бұрышына қойылып, сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында күнделікті кітап оқу сайысы өз жалғасын таба бермек.

Previous Post

КЕНТАУДА АНАЛАРҒА АЛТЫН АЛҚА ТАБЫСТАЛДЫ

Next Post

ТҮЛКІБАС: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ II АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі