13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

29 января, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС АУДАНЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданына елді мекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту және қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондарды заңдастыру мен қайта өңдеу салаларында атқарылып жатқан жұмыстармен танысуға, салаларға қатысты ұсыныстар мен проблемалық мәселелерді талқылау мақсатында Түркістан облысынан құрылған жұмысшы топ арнайы келді.

Құрылған жұмысшы топты облыстық Табиғи ресуртар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев арнайы бастап келіп, Келес ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлер мен салаға қатысты мамандардың қатысуымен жиын өткізді.

Жиынға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудан әкімінің орынбасары Серік Қарақұлов, бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері мен жеке кәсіпкерлер қатысты.
Жұмысшы топ құрамы салаларға қатысты тиісті жұмыстардың атқарылу барысына жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, басқарма басшысы тарапынан баяндама жасалды.
— Өткен жылдың күз айларында Келес ауданында 9 500 ағаш көшеттері егілді. Биыл көгалдандыру жұмыстары жалғасып, 21 мыңнан аса ағаш-бұта көшеттері елді мекендері аумағына қондырылмақ. Бұл бағытты нақты шаралар атқарылуы тиіс, — деген Қайрат Амангелдіұлы кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бүгінгі таңда Келес ауданында балық шаруашылығымен айналысатын 9 кәсіпкер болса, 2023-2025 жылдары ашуға жоспарланған шаруашылықтар саны он үшті құрап отыр. Басқарма басшысы балық шаруашылығын дамытамын деген кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін атап өтті.
— Балық шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. 2023 жылға акваөсіруге 500,0 млн теңге, инвестициялық салымдарға 226,0 млн теңге қаралып, 1 наурыздан бастап беріледі.Сонымен қатар, «Түркістан ӘКК» АҚ арқылы осы салаға жеңілдетілген несие беру жұмыстары жүргізілуде. Осы бағытта несие алуға 14 кәсіпкерден 5,4 млрд теңгеге болжамды ұсыныстар түсті, — деді басқарма басшысы.

Жиын соңында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев аталған салалар бойынша Келес ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен таныстырды.

Previous Post

КЕЛЕС ӨҢІРІНІҢ ТУМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Next Post

ОТЫРАРДА СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі