13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

27 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылдың қаңтар айының 23-27 күндері аралығында өткенТүркістан облысы, Түлкібас ауданы, Ер-Жәнібек спорт кешенінде еркін күрестен 2006-2007 ж.т жасөспірімдер және 2008-2009 ж.т кіші жасөспірімдер арасындағы Түркістан облысының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Түркістан облысының барлық аудандарынан жалпы 32 командадан 500-ге жуық жасөспірім спортшылар қатысқан чемпионатқа, Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бір топ спортшылары қатысып келді. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған облыстық чемпионаттың негізгі мақсаты, 2023 жылдың наурыз айының 2-8 күндері аралығында, Жетісу облысы Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу болып табылады.

Облыстық чемпионаттың 2008-2009 ж.т жасөспірімдер арасында өткен жарыстарда ауданымыздың жас палуандары жақсы нәтижелер көрсетіп, ауданымызға алғашқы жүлделі орындарын тарту етті.

Чемпионаттың қортындысы бойынша жүлделі орындарға:
І-орын Наров Нұртай 62 кг салмақ дәрежесіндегі спортшы, І-орын Шардарбек Абылайхан 110 кг салмақ дәрежесіндегі спортшы, ІІІ-орынға Үсен Ерасыл 110 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар қол жеткізіп жеңімпаз атанса, 2006-2007 жылы туылғандар жасөспірімдер арасындағы жарыстарда жүлделі ІІ-орынға Бужикеев Нұрқанат 60 кг салмақ дәрежесіндегі спортшы қол жеткізіп жеңімпаз атанды.

Облыстық чемпионаттың боз кілемінде спорттық шеберліктерін күрсетіп, алғашқы жеңімпаздар атанған Наров Нұртай мен Шардарбек Абылайхан Қазақстан Республикасының чемпионатына Түркістан облысының құрама командасының атынан қатысады. Жеңімпаз спортшыларымыздың жаттықтырушылары Ерсін Аққұлы мен Жоламан Сембек. Жеңімпаз спортшыларды құттықтаймыз!

Previous Post

ТӨЛЕБИ: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ҰСТАЗДАР БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі