13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

27 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданына қарасты Ленгір қаласы Ш. Уалиханов атындағы №2 жалпы орта мектебінің «Ғасырдың ғажап үш тірегі» атты МИФ пән бірлестігінің апталығында бірлестік жетекшісі К.Бектаева мен математика пәні мұғалімі М.Балғанбайдың ұйымдастыруымен 7 сынып оқушылары арасында «Жаңа ғасырдың — жаңашыл математиктері» интеллектуалдық сайыс өткізілді. Сайысқа 3 топ қатысып, бақ сынады.
Сайыста қатысушылар 4 кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші кезеңде Kahoot бағдарламасы арқылы өз білімдерін дәлелдеді. Екінші сергіту сәтінде сайыскерлер қызықты логикалық сұрақтарға жауап берді. Үшінші брэйнг- ринг кезеңінде әр топқа бөлек-бөлек сұрақтар қойылды. Ал соңғы кезеңде жастардың Қазақстанның тарихын қаншалықты деңгейде білетіндігі тексерілді.

Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ — ші орын — Алғырлар тобы, ІІ — ші орын – Эврика тобы иеленсе, І – ші орынды Қыран тобы жеңіп алды. Сайыс соңында мектеп директорының м.у.а А.Саховтың атынан дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Қазіргі таңда Түркістан облысы, Төлеби ауданы бойынша білім беру саласында бірқатар жақсы жаңалықтар көбейген. Шалғайдағы елді мекендердің білім саласына бұдан былай жақсы көрсеткіштермен толыға түседі деп күтілуде. Атап айтқанда, білім бөліміне керекті мектептерден жинақталатын мәліметтерді, есептерді, сауалнамаларды жинақтау автоматтандырылған.«Цифрлы Қазақстан» кешендік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданның білім саласын цифрландыру бағытында бірнеше жобалар жасалған. Соның бірі, аудандық білім бөлімінің «Tolebi.bilim malimet» деректер қоры. Жоба интернет желісі арқылы арнайы жасалған форманы толтыру арқылы жүзеге асты.

Ауданның білім саласындағы екінші бір жобасы ол – «Tolebi ornekteri» электронды каталогы. Бұл мектеп оқушыларының жасаған қолөнер бұйымдары мен туындыларын кәдесый ретінде сату жұмыстарын ұйымдастыру үшін жергілікті кәсіпкерлермен келісімшарт жасап іске асыру мақсатында жасалған. Жас қолөнер шеберлері өнерін көрсетіп қана қоймай, оны сатумен де айналыса алады. Бұйымдардың бағасы қолжетімді. Технология пәнін оқытуда экономикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған жоба пән мұғалімдерінің арасында ауқымды қолдауға ие болды.

Үшінші, «Үлкендер жолы – ұлылық» жобасы. Жобаның мақсаты – ұстаздық өмір жолын білім саласына арнаған, білімнің қыр-сырын жетік меңгерген, білікті ардагер ұстаздарды мектепке тарту. Мұның тиімділігі – жас директорларға басқарудағы мәдениеттілік, іскерлік, ұйымдастырушылық қызметтеріне, пән мұғалімдерінің шығармашылық ізденістерінің шыңдалуына үлкен әдістемелік қолдау.
Бұдан бөлек, ауданда педагог кадрларды жұмысқа қабылдаудың түбегейлі жаңа жүйесі ендірілген. Ол jumys.sitsen.kz автоматтандырылған электронды порталы арқылы жүзеге асырылуда.

Previous Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - АБАТТАНЫП, КӨРКЕЮДЕ

Next Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі