13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ — АБАТТАНЫП, КӨРКЕЮДЕ

27 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТӨЛЕБИ АУДАНЫ — АБАТТАНЫП, КӨРКЕЮДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, табиғат аясында тыныстап, сергіп, демалуына мүмкіндік жасау үшін былтырғы жылы аудан аумағындағы саябақтарда абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Белгілі бір себептермен құрылысы тоқтап қалған Ленгір қаласындағы Төлеби-Ә.Бектаев көшелерінің қиылысындағы шатқалды абаттандыру қолға алынып, «ETNO – АYYL» жобасы бойынша облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, ұлттық дәстүр бойынша («Алтыбақан», «Киіз үйлер», «Мафтар») орнатылды. Шатқалға қазақтың қоғам қайраткері, шешен, үш жүзге төбе би болған Төлеби бабаның есімі беріліп, бабаның алып ескерткіші қойылды. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, Ленгір қаласындағы орталық «Жеңіс» саябағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығындағы қоғамдық орындар мен «Жеңіс» саябағына тегін wi-fi желісі қойылды.

Аудан тумасы, меценат М.Шерім өз қаржысына Сарқырама елді мекенінің 1,5 гектар жеріне заманауи үлгідегі саябақтың құрылысын жүргізіп, оны абаттандырып, ел игілігіне пайдалануға берді. Бұған қоса, ауыл орталығына биіктігі 5 метрді құрайтын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д.Қонаевтың ескерткішін орнатты.

Зертас елді мекеніндегі Шомшақты және Спатай-Аңдас көшелерінің бойында Кеңес Одағының Батыры Қосан Мамытов атындағы саябақ ашылып, демалыс аймағына батырдың кеуде мүсіні қойылды. Саябақ құрылысына аудандық бюджеттен ғана қаржы бөлініп қоймай, округ халқының игі іске ұйытқу болуымен жүзеге асты.

Абаттандыру бағытында: Ленгір қаласынан Зертас елді мекеніне шыға берісіндегі жол бойына Төле баба монументі тақтайшасы орнатылды. «Үздік елді мекен», «Үздік көше» және «Үздік аула» номинациясы бойынша жүлделі орыннан көрінген ауылдық округтер аумағына балалар ойын алаңшалары орнатылды. Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына 9 балалар ойын алаңшасы, спорттық алаңша қойылып, жарықтандыру, бейнекамералар орнатылып, ішкі жолдары кеңейтілді. Сонымен қатар, Сұлтан Рабат елді мекеніндегі спорт алаңшасы қоршалып, Ұзынарық елді мекеніндегі спорттық алаңшаға газон төселді. Зертас елді мекеніне спорттық алаңша, Әңгірата елді мекеніне аллея қойылды.
Аудан аумағын абаттандыру, көркейту, көгалдандыру жұмыстары биылғы жылы да жалғасын табады.

Previous Post

Шымкентте биыл алты елдімекен табиғи газға қосылады

Next Post

ТӨЛЕБИ: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі