13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте биыл алты елдімекен табиғи газға қосылады

26 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте биыл алты елдімекен табиғи газға қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте жергілікті халықты сапалы көгілдір отынмен қамту жұмыстары  биыл да қарқынды жүргізілуде.  Жыл соңына дейін  Тассай, Тұран, Асар-2, Сәуле, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай, Бозарықта газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталып, аталған алты елді мекен халқы табиғи газбен қамтылады.  Бұл туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков өз саласы бойынша әкімге есеп беруі жиынында баяндады.

Қазір қала әкімдігі тарапынан тағы да 8 елді мекенді  толық табиғи газбен қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

Айта кетейік, мегаполисте былтырғы жылы тұрғындарды электр энергиясымен қамту көрсеткіші де едәуір артқан болатын.  Қаланы дамытудың жоспары аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы Солтүстік саяжай, Тұран-2, Сәуле, Жаңаталап, Нұртас, Достық, Еңбекші (жаңақұрылыстар), Бозарық елді мекендерінен 66 мыңнан астам тұрғын сапалы электр қуатына қосылды.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін Батыс, Қайнарбұлақ, Тұран, Нұрсәт, Түркістан шағынаударындағы 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, жергілікті халық сапалы электр жарығына қол жеткізеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзМұрат ӘйтеновШымкент
Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ – АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Next Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫ - АБАТТАНЫП, КӨРКЕЮДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі