13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ҰСТАЗДАР БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

27 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ҰСТАЗДАР БІЛІМ БӘСЕКЕСІНДЕ І ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жуырда облыс мектептерінің директорлары мен орынбасарларына Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы «Заманауи мектепті басқару» компьютерлік оқыту симуляторын таныстырды.

Облысқа қарасты қала және аудандардан 49 мектеп командасы жиналып, мектепті басқарудағы 9 аспектіні 150 параметр бойынша 1500-ге жуық шешім қабылдап, заманауи виртуалды оқу ордасын құру мүмкіндігіне ие болды.

Жыл қорытындысы бойынша симуляция жобасын жоғары деңгейде ұйымдастырып, қысқа мерзімде дәйекті, мазмұнды жұмысымен облыстағы аудандар ішінде Сарыағаш ауданына қарасты №32 Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі директоры Жәмила Жолдасбекова және орынбасарлары Ғалымжан Бөрібеков, Нұрлыбек Садиев мектепті дамыту жолында 21 рет жұмыс ұсынып, 53 баллмен командалық жобасы үздік деп танылды. Осылайша, рейтинг бойынша бірінші орынға ие болды.
Айта кетсек, 2022-2023 оқу жылында елімізде білім беру саласы бойынша өзекті 8 мәселе кеңінен қаралған болатын. Атап айтар болсақ, Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің қатты отыннан табиғи газға өтетін мектептер, үш ауысымға өту қаупі бар мектептер, күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындауға қаржы қажет мектептер, 2023-2027 жылдарға арналған жоспарға сәйкес құрылысы жүргізілетін мектептер, күрделі жөндеуге ЖСҚ-ға қайта түзетуге қаржы қажет мектептер, апатты білім беру мекемелері, қосымша энергиямен қамтамасыз ететін генераторлары бар мектептер, аудандағы білім беру ұйымдарындағы ішкі әжетханалары жоқ мектептермен танысып қайтты.

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ғимараты 1958 жылы мектеп-интернаты ретінде пайдалануға берілген. 2003 жылдан бері бөлімге тапсырылған. Аталған ғимараттың тозығы жетіп, апатты деп танылған. Бөлімде мемлекеттік қызметкерлер, орталықтандырылған есеп бөлімінің қызметкерлері және әдістемелік кабинеттің әдіскерлерін қоса есептегенде 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Сондықтан білімге жауапты бөлімге талапқа сай ғимарат қажет. Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселе бақылауға алынатынын, заң аясында тиісті шешім қабылданатынын айтты.

Қазір білім берудің сандық және сапалы деңгейі мен түрлері сан алуан болған шақта, білімнің қадір-қасиеті мен құдіретін жоғалтып алмауды ұмытпаған жөн. Білім шын мәнінде, ұлы күш екендігін әрбір жас ерекше сезінгені абзал. Бұл орайда Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында соңғы жылдары айтарлықтай сапалы білімге қол жеткізіліп келеді.

Previous Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОБЛЫС ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ 15 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІН ТАПСЫРДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі