13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Тарихи әділдік қалпына келуі керек

26 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Тарихи әділдік қалпына келуі керек
Share on FacebookShare on Twitter

Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның өңірлік жұмысшы тобының зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанына 2 жылдан асты. Осы кезеңде тарихшылар көптеген тың деректерді тауып, бірқатар архивтік мәліметтерге қанығып, өзіндік тұжырымға да келді. Енді осыған ғылыми негіз жасалуы керек.
Қалай айтсақ та, төл тарихымыздағы ақтаңдақтарды аршып алу үшін ғалымдарға тың серпін қажет. Бұрынғы дерек пен дәйекті алға тартып, «былай болғанды» қайталап жатуды уақыт көтермейді. Міне сондықтан, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 жыл бұрын қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.
Ғалымдар негізгі үш бағытта – «Кеңес билігі тұсындағы Түркістан өлкесінде (Қазақ, Өзбек, Қырғыз, Түрікмен, Тәжік Республикаларында) жүзеге асырылған жаппай саяси репрессиялар», «Қазақстан және оның оңтүстік өңірінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін, ашаршылық қасіреті және халықтарды депортациялау», «Кеңестік билік және Алаш қозғалысы: идеологиялық текетірес және жазалаулар» тақырыптары бойынша тың тұжырым жасауды көздеген. Себебі бұрынғы Түркістан өлкесіне қарасты елдердің ғалымдары өз тұжырымдарымен бөлісті. Ал бұл саяси қуғын-сүргін шараларын жаңаша көзқараста зерделеу үшін аса қажет қадам.
Ғалымдар мен тарихшыла арнайы кездесу ұйымдастырған уақытта Кеңес дәуірінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Украинада жүргізілген саяси қуғын-сүргін, ауыл-шаруашылығын ұжымдастыру мәселелері мен оның зардаптары, ашаршылық пен халықтарды депортациялау салдары туралы зерттеу жұмыстары талқылайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, комиссия солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге тиіс. Бұл – мемлекеттің ғана міндеті емес, бүкіл қоғамның парызы.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЯСИ-ҚУҒЫН СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Next Post

Түркістан: Қазақ даласы сан тарау тағдырлы тарихқа тұнып тұрған өлке

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі